Рудный қалалық мәслихаты Рудный қаласының Рудный қалалық сайлау комиссиясындағы және № 134 учаскелік сайлау комиссиясындағы бос орындарға орналасуға конкурс жариялайды
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттың өтініші мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өткені туралы сертификаты болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Рудный қалалық мәслихатында саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9-23 мамыр аралығында дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
Рудный қалалық мәслихаты
Искаков Азамат Қуандықұлы - Рудный қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
Жауапты адам – Додрова Наталия Васильевна, каб. № 214, қызметтік телефон нөмірі (871431)45637, қос. 7, электрондық пошта мекенжайы rudnmaslihat@mail.kz.
Рудный қалалық сайлау комиссиясы (Рудный қ., Комсомол даң., № 24 құрылыс, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 гимназиясы» КММ ғимараты
№ 134 учаскелік сайлау комиссиясы (Рудный қ., Парк көш., 34, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты