«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты комиссияның 26 мүшесі санындағы 21 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 2 маусымнан 16 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы конституциялық заң 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Петропавл қалалық мәслихаты
А.С. Бердағұлов – Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
Жауапты тұлға –Мира Сәкенқызы Нұрмолдина, каб. № 321, телефоны:46-61-02, 46-43-91. Электрондық пошта мекен-жайы: gormaslihat_23@sqo.gov.kz.
Қалалық мәслихат 21 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
Учаскелік сайлау комиссиялары
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
581 |
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы № 6 оқу корпусынің ғимараты |
Петропавл қаласы |
М. Жұмабаев көшесі |
114 |
1 |
|
2 |
591 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ |
Петропавл қаласы |
Парковая көшесі |
57Б |
1 |
|
3 |
593 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
Мұхтар Әуезов атындағы көше |
157 |
1 |
|
4 |
594 |
«Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
П. Васильев көшесі |
44 |
1 |
|
5 |
595 |
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» |
Петропавл қаласы |
Қазақстан Конституциясы көшесі |
60 |
1 |
|
6 |
606 |
«№ 42 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
П. Лазутин көшесі |
212 |
1 |
|
7 |
610 |
«№ 27 орта жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Панфилов атындағы көше |
256 |
2 |
|
8 |
616 |
«№ 21 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Тоқсан би көшесі |
94 |
1 |
|
9 |
627 |
«Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры» |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы көше |
195 |
1 |
|
10 |
628 |
«№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
195 |
3 |
|
11 |
636 |
«Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
262 |
1 |
|
12 |
638 |
«№ 23 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
272 |
2 |
|
13 |
640 |
«№ 9 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Победа көшесі |
5 |
1 |
|
14 |
641 |
«№ 9 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Победа көшесі |
5 |
1 |
|
15 |
643 |
«Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
И.П. Шухов көшесі |
42 |
1 |
|
16 |
646 |
«Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі» КММ |
Петропавл қаласы |
Борки кенті, Студенческая көшесі |
1 |
1 |
|
17 |
653 |
«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
4-ші Линия көшесі |
2 |
1 |
|
18 |
658 |
Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
Юрий Медведев атындағы көше |
1 |
1 |
|
19 |
659 |
«Жеңіс» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы көше |
177 |
2 |
|
20 |
668 |
«Қожаберген Жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Горький көшесі |
52 |
1 |
|
21 |
672 |
«№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
«Орман» шағын ауданы, Алтын дала көшесі |
9А |
1 |
Петропавл қалалық мәслихаты