«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты комиссияның 75 мүшесі санындағы 46 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 16 ақпаннан 2 наурызға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз нұсқада сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы конституциялық заң 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Петропавл қалалық мәслихаты
А.С. Бердағұлов – Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
Жауапты тұлға –Мира Сәкенқызы Нұрмолдина, каб. № 321, телефоны:46-61-02, 46-43-91. Электрондық пошта мекен-жайы: gormaslihat_23@sqo.gov.kz.
Қалалық мәслихат 46 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
Учаскелік сайлау комиссиялары
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен-жайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
571 |
«№ 12 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Петр Ефимович Рыжов атындағы көше |
51 |
2 |
|
2 |
573 |
«Ю.А.Гагарин атындағы № 14 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Калюжная көшесі |
22 |
1 |
|
3 |
577 |
«Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ |
Петропавл қаласы |
Пушкин көшесі |
57 |
2 |
|
4 |
580 |
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы № 2 оқу корпусының ғимараты |
Петропавл қаласы |
Пушкин көшесі |
86 |
2 |
|
5 |
581 |
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы № 6 оқу корпусынің ғимараты |
Петропавл қаласы |
М. Жұмабаев көшесі |
114 |
2 |
|
6 |
582 |
«Бірінші гимназиясы» КММ |
Петропавл қаласы |
Ыбырай Алтынсарин атындағы көше |
169 |
2 |
|
7 |
583 |
«Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ |
Петропавл қаласы |
Интернациональная көшесі |
42 |
2 |
|
8 |
584 |
«№ 7 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
89 |
1 |
|
9 |
586 |
«Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ |
Петропавл қаласы |
Қазақстан Конституциясы көшесі |
25 |
1 |
|
10 |
588 |
«Н.К.Крупская атындағы № 10 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
М. Горький көшесі |
164 |
1 |
|
11 |
591 |
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ |
Петропавл қаласы |
Парковая көшесі |
57Б |
3 |
|
12 |
592 |
«Бокстан олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ |
Петропавл қаласы |
Парковая көшесі |
141 |
2 |
|
13 |
593 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
Мұхтар Әуезов атындағы көше |
157 |
1 |
|
14 |
595 |
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» |
Петропавл қаласы |
Қазақстан Конституциясы көшесі |
60 |
2 |
|
15 |
598 |
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ғимараты |
Петропавл қаласы |
Партизанская көшесі |
160 |
1 |
|
16 |
599 |
«Петропавл азаматтық құрылыс, сумен жабдықтау және су тарту дистанциясы» құрылымдық бөлімшесінің ғимараты |
Петропавл қаласы |
Қаныш Сәтбаев атындағы көше |
13 |
2 |
|
17 |
600 |
«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі» КММ |
Петропавл қаласы |
Юрий Медведев атындағы көше |
1 |
1 |
|
18 |
603 |
«№ 44 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Караванная көшесі |
140 |
2 |
|
19 |
605 |
«№ 31 орталау мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Пугачев көшесі |
129 |
1 |
|
20 |
606 |
«№ 42 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
П. Лазутин көшесі |
212 |
2 |
|
21 |
609 |
«№ 27 орта жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Панфилов атындағы көше |
256 |
4 |
|
22 |
611 |
«№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Илья Залманов атындағы көше |
46/1 |
2 |
|
23 |
612 |
«№ 24 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Северная көшесі |
2 |
2 |
|
24 |
615 |
«№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Илья Залманов атындағы көше |
46/1 |
2 |
|
25 |
618 |
«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ |
Петропавл қаласы |
Абай көшесі |
100 |
1 |
|
26 |
619 |
«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы көше |
196 |
1 |
|
27 |
621 |
«Дарын» мектеп-лицейі» КММ |
Петропавл қаласы |
Алматы көшесі |
4 |
1 |
|
28 |
622 |
«№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
160 |
2 |
|
29 |
625 |
«Көп бейінді облыстық аурухана» перинаталдық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
Казахстанская правда көшесі |
233 |
1 |
|
30 |
630 |
«Әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ |
Петропавл қаласы |
Ярослав Гашек атындағы көше |
14 |
1 |
|
31 |
633 |
«Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Новая көшесі |
116 |
4 |
|
32 |
635 |
«Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ |
Петропавл қаласы |
Ярослав Гашек атындағы көше |
4 |
2 |
|
33 |
637 |
«№ 23 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
272 |
2 |
|
34 |
638 |
«№ 23 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі |
272 |
1 |
|
35 |
640 |
«№ 9 орта мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
Победа көшесі |
5 |
1 |
|
36 |
645 |
«Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ |
Петропавл қаласы |
Н.А. Семашко көшесі |
2 |
1 |
|
37 |
646 |
«Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжі» КММ |
Петропавл қаласы |
Борки кенті, Студенческая көшесі |
1 |
2 |
|
38 |
649 |
«Бірінші қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты |
Петропавл қаласы |
Қаныш Сәтбаев атындағы көше |
3 |
1 |
|
39 |
650 |
«Облыстық көп бейінді аурухана» тері-венерологиялық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
Интернациональная көшесі, |
90 |
1 |
|
40 |
651 |
«Облыстық көп бейінді аурухана» кардиологиялық орталық шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
П. Васильев көшесі |
123 |
1 |
|
41 |
653 |
«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты. |
Петропавл қаласы |
4-ші Линия көшесі |
2 |
1 |
|
42 |
654 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» Өңірлік қолбасшылық 6637 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Петропавл қаласы |
Ярослав Гашек атындағы көше |
18 |
2 |
|
43 |
655 |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты |
Петропавл қаласы |
Жәлел Қизатов атындағы көше |
6 |
3 |
|
44 |
656 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№66 мекемесі» РММ ғимараты. |
Петропавл қаласы |
1-ші Заречная көшесі |
98 |
1 |
|
45 |
659 |
«Жеңіс» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ |
Петропавл қаласы |
Жамбыл атындағы көше |
177 |
1 |
|
46 |
672 |
«№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Петропавл қаласы |
«Орман» шағын ауданы, Алтын дала көшесі |
9А |
1 |
Петропавл қалалық мәслихаты