Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Форма 1

Форма 2

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес  (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты комиссияның 6 мүшесі санындағы 4 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы                                 19 қыркүйектен 3 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз нұсқада сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы конституциялық заң 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

 

Петропавл қалалық мәслихаты

 

А.С. Бердағұлов – Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.

Жауапты тұлға –Мира Сәкенқызы Нұрмолдина, каб. № 321, телефоны:46-61-02, 46-43-91. Электрондық пошта мекен-жайы: gormaslihat_23@sqo.gov.kz.

 

 

Қалалық мәслихат 4 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекен-жайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

 

1

2

3

4

5

6

7

1

586

«Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

Петропавл қаласы

Қазақстан Конституциясы көшесі

25

1

2

590

«Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы» КММ

Петропавл қаласы

Евней Букетов атындағы көше

35 А

3

3

596

«№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ

Петропавл қаласы

Егемен Қазақстан көшесі

29

1

4

623

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж»» КММ

Петропавл қаласы

Абай көшесі

28

1

 

 

Петропавл қалалық мәслихаты