
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 20 сессиясы 2024 жылғы 06 мамырда сағат 11:30-да Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселе қаралады:
«Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №63-8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылғы 06 мамырда сағат 11:00-де өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты