Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 17 сессиясы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 11:30-да Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
- Қызылорда қаласы мен ауылдық елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту және қолдау туралы.
- Қызылорда қалалық мәслихатының әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздің жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
- «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Қосымша мәселелер.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10:30-да өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты