Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық Мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шыққандардың орнына жаңа мүшелерін сайлау жоспарланып отыр.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы наурыз айының 4-і мен 19-ына дейінгі аралықта Мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-audany)
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы наурыз айының 4-і мен 19-ына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін.
Маңғыстау аудандық Мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына:
№1 Округтік сайлау комиссиясының (Орталық) құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық балалар
өнер мектебінің ғимараты
№3 округтік сайлау комиссиясының (Жаңаорпа) құрамына-2 адам
Орналасқан жерi: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық
жұмыспен қамту орталығының ғимараты
№12 Округтік сайлау комиссиясының (Шайыр) құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Шайыр ауылы, Т.Жалғасбаев атындағы мектеп ғимараты
№167 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Шетпе ауылы, Орталық алаң, «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйі ғимараты
№168 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «А.Меңдалыұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты
№174 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Жыңғылды ауылы, «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты
№178 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты
№181 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Тобанияз атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің ғимараты
№183 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты
№185 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты
№186 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: «Қаламқас» кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты
№188 Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына-1 адам
Орналасқан жерi: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Маңғыстау аудандық Мәслихаты
Маңғыстау аудандық Мәслихатының төрағасы-Махмутов Ерболат Хабиболлаұлы
Мәслихаттың орналасқан жері: Шетпе ауылы, Орталық алаң, 2 үй.
қалааралық телефон коды (872931) 2-11-51, 2-20-85
электрондық пошта: p.maslikhat@mangystau.gov.kz