Меню
Страницы

Мектептің құрылысы қашан аяқталады?

Мектептің құрылысы қашан аяқталады?

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Қосшы қаласына жұмыс сапарымен Ақмола облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Серік Алтаев, Акмола облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті лицензия бөлімінің басшысы Манат Абильмаженов, Целиноград ауданының білім басқармасының басшысы Канат Ахметовпен бірігіп Қосшы қалалық маслихатының хатшысы Болатбек Ибраев, Қосшы қаласы маслихатының депутаты Айдын Туребаев келді.

Жұмыс сапарының мақсаты: қоғамдық маңызы бар құрылыс объектілерін , оның ішінде, "Лесная поляна" ТА және "Нұрай" ТК арасында орналасқан 1200 орындық мектеп пен Қосшы қаласының Желтоқсан көшесіндегі 1200 орындық мектеп.

Қоғам белсенділері құрылыс объектілерінің уақытылы тапсырылмағандығы мен құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқандығына назалы. Салушы компания мүшелерінің сөзінше бұған себеп, қаржыландырудың кешіктірілуі болып отыр.

Құрылыс объектілерін тапсыру уақыты:
Қосшы қаласы, Желтоқсан көшесіндегі мектеп 24 наурыз 2021 жыл;
"Лесная поляна" ТА мен "Нұрай" ТК арасындағы мектеп 2022 жылдың 4-ширегі;

Жұмыс сапарының шешімі бойынша алдағы уақытта маслихаттың тұрақты комиссиясының бастамасымен жиналыс өткізіліп, туындаған мәселелердің оң шешімін шығарудың жолдарын қарастыратын болады.

Социальные медиа
Меню подвал
Национальный стандарт Республики Казахстан
Жизненные ситуации
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Новостной канал государственных органов
Концепция цифровой трансформации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК