Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен кітапхана. Кішкентай Қосшылықтарымыз үмітті ақтайтын саналы ұрпақ болсын деген мақсатта Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары "30 кітап - Тәуелсіздікке 30 жыл " атты акциясын ашық деп жариялайды.
Бүгінгі Қосшы қалалық кітапханасының қоры аз, тіпті кейбір сөрелер де бос тұр. Кітапхана қорын толықтыруды мақсат еткен қалалық маслихат депутаттары қала тұрғындарын да қатысуға шақырады. Сіздің сөреңізде оқып болған немесе оқылмай тұрған кітаптар шаң басып жатса, сізге де қоғамға пайдалы іс жасауға ұсыныс білдіреміз.
24 қарашада мәслихат депутаттары кітапхана қорына кітаптарды сыйға тартады.
Қазақстан Республикасының жасампаздыққа толы 30 жылының құрметіне қаламыздың, еліміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтардың қатысуын сұраймыз!
Болашақ біз бен сіздің қолымызда.
P.S Кітапхананың мекен-жайы: Қосшы қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі 24а.