Меню
Страницы

Объявление о сессии

ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ

№ 55 ШЕШІМІ

Қобда ауылы                                                                           5 қыркүйек 2025 жыл

Аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші 

сессиясына шақыру туралы 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 

          Аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші  сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2025 жылғы 10 қыркүйек сағат 11-00 ге шақырылсын.

Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:                               

  1. Аудан әкімінің 2025 жылдың І-жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін атқару туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі. Баяндамашы: І.Д.Тынымгереев – Қобда ауданының әкімі.
  2. Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №260 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Д. Назаров – Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
  3. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021 - 2024 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы. Хабарламашы: Қ.А. Бегалиев – Қобда аудандық мансап орталығының басшысы.
  4. Басқада мәселелер.      

       

Аудандық мәслихат төрағасы  Ж. Ерғалиев                                                    

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК