Меню
Страницы

Аса құрметті Отандастар!!!

Аса   құрметті   Отандастар!!!

Аса   құрметті   Отандастар!!!

 

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!.

Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – қиырда жүрген әр қазақ мақтан   тұтатын,  халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды.

Әрбір адам өз Отанын, елін, жерін мақтан тұтады. Біз де өзіміздің  отанымызды, елімізді, жерімізді сүйеміз және құрметтейміз.

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басқа мемлекеттерден айырып тұратын өз  таңбалары болады. Мемлекеттік рәміздер әрбір адамның мемлекетіндегі бірлігін  сезінуге көмектеседі.

Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті.  Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күміс шашып, тілінің мәртебесі биік   болсын!.

Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және  патриоттық сезімімізді нығайта түсуге  тырысайық!.

Елімізде тыныштық болып, көк Туымыз биікте желбіреп, Елтаңбамыз әлемге танылып, Әрұранымыз шарықтап, біздің келешегіміз де ұзақ және  жарқын  бола берсін.

Қазақ елінің, Қазақстанымыздың  мәртебесі  биік, өмірі  ұзақ болсын.

Тәуелсіздігіміздің  тұмарына  айналған мемлекеттік  рәміздеріміз болашаққа  бет түзеген көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!.

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!. Рәміздер күні  құтты да, берекелі болып, ел  бірлігі  жасай  берсін!.

 

 

 Ізгі ниетпен: Кербұлақ аудандық

                        мәслихатының   аппарат

                        басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК