Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 15 округтік сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттардың құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы Қарағанды облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 15 округтік сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттардың құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы Қарағанды облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облыстық мәслихаты облыстық мәслихат депутаттарын
сайлау жөніндегі 15 округтік сайлау комиссиясының мүшелігіне
кандидаттардың құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссия мүшелерінің жалпы саны – 5 адам.
Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшесі округтік сайлау
комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия
сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып
табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы. Мәслихат белгілеген (сайлау
комиссиясын құру мерзіміне дейін 15 күннен кем емес) мерзімде саяси
партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын
өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының
ұсынысы бойынша сайлайды.


Округтік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын адамдар оның
жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Ұсынылған
кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына
және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Ұсыныстар облыстық мәслихатта 2023 жылғы 1-15 январь аралығында
қабылданады (дүйсенбі – жұма 9-00-ден 18-30-ға дейін).

 

І. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Облыстық мәслихаттың мекен-жайы:
Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй, 322 кабинет.

Облыстық мәслихаттың хатшысы – Өтешов Серік Балғатайұлы.
Материалдарды жинауға жауапты: Кабирова Ләззат Рафикқызы –
облыстық мәслихаттың бас инспекторы, қызмет телефоны: 50-66-73, ішкі 6109.

 

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық сайлау округтері 
   
   
округ № Сайлау округіне енетін әкімшілік-аумақтық бірлік атауы
сайлау округі № 1 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 2 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 3 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 4 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 5 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 6 Қарағанды қаласы
сайлау округі № 7 Қарағанды қаласы
№ 8 сайлау округі  Қарағанды қаласы
№ 9 сайлау округі Теміртау қаласы
№10 сайлау округі Теміртау қаласы
№11 сайлау округі Теміртау қаласы
№12 сайлау округі Нұра ауданы/ Осакаров ауданы
№ 15 сайлау округі Саран қаласы / Бұқар-Жырау ауданы (12 ауылдық округ)
№ 16 сайлау округі Бұқар-Жырау ауданы (17 ауылдық округ) / Қарқаралы ауданы
№ 18 сайлау округі Ақтоғай ауданы/ Приозерск қаласы /Шет ауданы

 

Кандидат туралы

Келісім

Хат