Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кеткен мүшелердің орнына өзгерістер енгізу туралы Қарағанды облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кеткен мүшелердің орнына өзгерістер енгізу туралы  Қарағанды облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

 

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кеткен мүшелердің орнына өзгерістер енгізу туралы  Қарағанды облыстық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 және 19-баптарына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының кейбір мүшелерінің шығып қалуына байланысты Қарағанды облыстық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Облыстық аумақтық саулау комиссиясының құрамына кеткендердің орнына 5 мүше алынады. Сайлау комиссиясы мүшелердің жалпы саны - 7. Жұмыс істеп жатқан аумақтық саулау комиссиясының өкілеттік мерзімі 2024 жылға дейін.

Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшесі аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы. Мәслихат белгілеген (сайлау комиссиясын құру мерзіміне дейін 15 күннен кем емес) мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Осы ұсыныстар облыстық мәслихатта 2022 жылғы 1 - 15 желтоқсан аралығында қабылданады (дүйсенбі – жұма 9-00-ден 18-30-ға дейін).

 

І. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

Облыстық мәслихаттың мекен-жайы:

Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй.

Облыстық мәслихаттың хатшысы – Өтешов Серік Балғатайұлы.

Материалдарды жинауға жауапты: Кабирова Ләззат Рафикқызы – облыстық мәслихаттың бас инспекторы, қызмет телефоны: 50-66-73, ішкі 6109.

 

Қарағанды облыстық мәслихаты қалыптастырады:

 

  1. Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы – Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй, облыстық әкімдіктің ғимараты, 322 кабинет.

Өтініш

Хат

Тізім