«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамдарынан кейбір мүшелердің мерзімінен бұрын шығуына байланысты, Бұқар жырау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қосымша сайлауды өткізеді.
Әрбір саяси партия, қосымша сайлау тағайындалған тиісті сайлау комиссиясының құрамына, бұрын ұсынылмаған бір кандидатурасын ұсынуға құқылы. Мәслихат белгілеген, кемінде он бес күн болуға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.
Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған қалыптастыратындарға қатысты сайлау комиссиялары осы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;
5) мекен-жай ақпаратын беруге келісім беру.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары (4 қосымша), сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері (5.1 қосымша)мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау: 2026 жылдың 16-ақпаннан бастап 02 наурызға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағаты 13.00-ден 14.30-ға дейін, индексі 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Электрондық пошта мекенжайы bgrmaslihat@mail.kz.
Аудандық мәслихат төрағасы - Әли Асхат Сағадиұлы.
Материалдарды жинауға жауапты - Амирханова Гульнар Сарбасовна, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, тел: 8(72154)21276, 22209.
Аудандық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына қосымша сайлау өткізілетінін хабарлайды:
|
р/с № |
Сайлау учаскесінің нөмірі
|
Сайлау учаскесінің орналасқан жері |
Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. |
№3 округтік сайлау комиссиясы |
Ғ.Мұстафин кенті |
1 |
|
2. |
№416 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ботақара кенті |
1 |
|
3. |
№417 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ботақара кенті |
2 |
|
4. |
№424 учаскелік сайлау комиссиясы |
Тоғызқұдық ауылы |
1 |
|
5. |
№430 учаскелік сайлау комиссиясы |
Сарыарқа ауылы |
1 |
|
6. |
№435 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақбел ауылы |
1 |
|
7. |
№436 учаскелік сайлау комиссиясы |
Үміткер ауылы |
2 |
|
8. |
№444 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қушоқы кенті |
1 |
| 9. |
№447 учаскелік сайлау комиссиясы |
Астаховка ауылы |
1 |
| 10. |
№452 учаскелік сайлау комиссиясы |
Чкалово ауылы |
1 |
| 11. |
№460 учаскелік сайлау комиссиясы |
Асыл ауылы |
1 |
| 12. |
№461 учаскелік сайлау комиссиясы |
Волковское ауылы |
4 |
| 13. |
№464 учаскелік сайлау комиссиясы |
Новоузенка ауылы |
1 |
Сайлау комиссиялары мүшелерінің толық тізімі, қай партиядан, қоғамдық бірлестіктен немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсынылғаны көрсетіле отырып, «Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми ақпараттық порталында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/documents/details/786389?lang=kk