ХАБАРЛАНДЫРУ Балқаш қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ Балқаш қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.

Балқаш қаласының Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 13 адам. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның   10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім.

Балқаш қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:

2025 жылдың 03 ақпанынан 2025 жылдың 14 ақпанына (қоса алғанда) дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:

100300, Балқаш қ., Уалиханов к., 3-үй, 2-қабат, 220 каб.

Электрондық мекен-жай: balgormaslihat@mail.ru.

Байланыс телефоны:(71036) 49005.

 

                                                                                                                           Жұмыс тобы

Өтініш