Меню
Страницы

Құрметті Қарабалық тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Қарабалық тұрғындары мен қонақтары!

            Сіздерді 9 мамыр -Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!            Бұл күні біз жеңісі арқылы бейбіт аспан астында өмір сүретін батырларға еске алып, құрмет көрсетеміз. Біз үшін олар керемет батырлық пен өте жоғары рухтың үлгісі.            Біздің еліміз жеңіске өзінің айқын және мағыналы үлесін қосты. Қазақстаннан миллионнан астам жауынгер шақырылды. Оның ішінде жүз мыңнан астам жауынгер жауынгерлік медальдармен және ордендермен марапатталды, бес жүзден астамы Батыр атағына ие болды… Жеті жүзден астам қазақстандық еңбек армиясының қатарына шақырылды. Ел экономикасы әскери қажеттіліктерге бағытталған. Қорғаныс зауыттары қару – жарақ пен снарядтардың жаңа үлгілерін шығаруды игерді, ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етті. Қазақстан әскерді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.

   Сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.

            Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді.            Жеңіс күні - ерекше мереке. Ол еліміздің халық бірлігі, тыныштық пен тұрақтылық сияқты басты жетістіктерінің маңыздылығын атап көрсетеді.            Шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, амандық пен өркендеу тілеймін! 

Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации