Меню
Страницы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының Іле аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына Алматы облысы Іле ауданының  мәслихаты  №10, 16, 18, 19 бірмандаттық округтік және №338, 343, 344, 345, 346, 967, 350, 353, 354, 355, 356, 357, 985, 1007, 1016, 1017, 360, 362, 369, 372, 1008, 385, 387, 388, 969, 993, 389, 390, 391, 393, 994, 394, 395, 400, 401, 997, 405, 409, 413, 970, 1009, 416, 418 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қаңтардан 11 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы  11 ақпанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.

 

Іле аудандық мәслихаты

 

Іле аудандық мәслихатының төрағасы – М.Б.Карибаев

Мәслихаттың орналасқан жері:  Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, 8.

Жауапты тұлғалар – Мусаев Бахыт Жармағанбетұлы, Еркін Ұлжан Еркінқызы. № 214, 215 каб., қызметтік телефондарының нөмірі: (8727)2517037, (872752)20027, электрондық пошта мекенжайы: ile-maslihat@mail.ru.

 

Іле аудандық мәслихаты 82 кандидатты - округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды

 

р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

Округтік сайлау комиссиялары-8

1.

10

Екпінді ауылы, Наурызбай батыр көшесі, №24

Дәрігерлік амбулаториясының ғимараты

1

2.

16

Кенен Әзірбаев ауылы, Мичурин көшесі, №92 Б

"Bolashaq kemenger" ЖШС ғимараты

2

3.

18

Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16

№ 7 орта мектеп ғимараты

2

4.

19

Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16 Д

№ 38 орта мектебінің ғимараты

3

Учаскелік сайлау комиссиялары – 74

1.       

338

Боралдай кенті, Бостанов көшесі, №1

№ 17 орта мектебінің ғимараты

1

2.       

343

Боралдай кенті, Водник-2 ықшам ауданы, №66 А "Алматыгазсервис Холдинг" АҚ ғимараты

1

3.       

344

Боралдай кенті, Водник-2 ықшам ауданы, №40

"Әдемі" санаторлық топтарымен бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимараты

4

4.       

345

Боралдай кенті, К.Әзірбаев көшесі, №1

№ 15 орта мектебінің ғимараты

3

5.       

346

Боралдай кенті, Бостанов көшесі, №7 Б

№ 54 орта мектебінің ғимараты

7

6.       

967

Боралдай кенті, Байзаков көшесі, №59

№ 40 орта мектебінің ғимараты

1

7.       

350

Өтеген батыр ауылы, А.Әжімұратов көшесі, №8

"Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ ғимараты

3

8.       

353

Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16 Д

№ 38 орта мектебінің ғимараты

1

9.       

354

Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №24

"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданының білім бөлімі" ММ ғимараты

1

10.   

355

Өтеген батыр ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, №38

№ 24  лицей  ғимараты

2

11.   

356

Кенен Әзірбаев ауылы, Егемендік көшесі, №103 А

"Волковгеология" АҚ филиалының ғимараты

1

12.   

357

Кенен Әзірбаев ауылы, Алматы көшесі, №84

"Іле ауданының құрылыс бөлімі" ММ ғимараты

1

13.   

985

Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, №12

Іле аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының ғимараты

1

14.   

1007

Өтеген батыр ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, №38

№ 24  лицей  ғимараты

2

15.   

1016

Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №30

"Іле аудандық орталық ауруханасы" МКК ғимаратында

2

16.   

1017

Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшам ауданы, Рахымбаев көшесі, № 35

"Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" МКК ғимараты

2

17.   

360

Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б

№ 9 орта мектебінің ғимараты

1

18.   

362

Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б

№ 9 орта мектебінің ғимараты

2

19.   

369

Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, №271

№ 12 орта мектебінің ғимараты

1

20.   

372

Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, №68 А

Байсерке ауылының пошта байланыс бөлімшесінің ғимараты

4

21.   

1008

Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б

№ 28 мектеп-гимназиясының ғимараты

1

22.   

385

Н.Тілендиев ауылы, Алматы көшесі, №32

№ 26 орта мектеп ғимараты

1

23.   

387

Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, №10

 "Қараой ауылдық мәдениет үйі" МКҚК ғимараты

7

24.   

388

Қараой ауылы, №2125 әскери бөлімінің акт залы

1

25.   

969

Н.Тілендиев ауылы, Тұлпар көшесі

"Жайлы мектеп" МКМ ғимараты

1

26.   

993

Қарай ауылы, Қаратал көшесі

№ 49 орта мектеп ғимараты

2

27.   

389

Ақсай ауылы, Достық көшесі, №12

"Ю.Гагарин атындағы № 16 орта мектеп"  МКМ ғимараты

3

28.   

390

Ақсай ауылы, Достық көшесі, №10

"Ақсай ауылының мәдениет үйі" МКҚК ғимараты

1

29.   

391

Ақсай ауылы, Достық көшесі, №10

"Ақсай ауылының мәдениет үйі" МКҚК ғимараты

2

30.   

393

Екпін ауылы, Қобыланды батыр көшесі, №54

"Төлеген Айбергенов атындағы № 48 орта мектеп" МКМ ғимараты

1

31.   

994

Екпін ауылы, Қобыланды батыр көшесі, №54

"Төлеген Айбергенов атындағы № 48 орта мектеп" МКМ ғимараты

1

32.   

394

Жауғашты ауылы, Абай көшесі, №3

№ 27 орта мектеп ғимараты

1

33.   

395

Асқар Тоқпанов ауылы, А.Сәрсенбек көшесі, №1

"Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі" МКМ ғимараты

2

34.   

400

Асқар Тоқпанов ауылы, Аитов көшесі, №44

"Балбөбек", балабақша би залы

1

35.   

401

Асқар Тоақпанов ауылы, Б.Сейдалиев көшесі, №117, № 42 орта мектеп ғимараты

1

36.   

997

Жайнақ ауылы, Школьная көшесі, №4

№ 31 орта мектеп ғимараты

1

37.   

405

М.Түймебаев ауылы, "Первомайские пруды" әскери қалашығы № 8 Б/1

1

38.   

409

Төле би ауылы, А.Қарсақбаев көшесі, №16 А

№ 37 орта мектеп ғимараты

1

39.   

413

Көкқайнар ауылы, Бәйтерек көшесі, №97 А

№ 44 орта мектеп ғимараты

1

40.   

970

Жәпек батыр ауылы, Школьный ықшам ауданы

№ 51 орта мектеп ғимараты

1

41.   

1009

Көкқайнар ауылы, Ақжол саяжайы, Бөгенбай батыр көшесі, №3156

"Менің мектебім" ЖШС ғимараты

1

42.   

416

Байкент ауылы, Доскеев ықшам ауданы, №170 Б

"NOVA INVEST" ЖШС ғимараты

1

43.   

418

Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі, №11

"Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебі" МКМ ғимраты

6

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК