Меню
Страницы

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихаттың төрағасы 2024 жылғы 13 желтоқсан күні сағат 15.00-де облыс әкімдігі ғимаратының (ескі)  7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті ХІІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

         Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

1.Атырау облысын басқару схемасы туралы

Баяндамашы: Н.Жеңісбекұлы – Облыс әкімі аппаратының басшысы;

2.Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №63-VІІІ «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Баяндамашы: А.Әжіғалиева – Экономика және қаржы басқармасының басшысы

3.2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы

Баяндамашы: А.Әжіғалиева – Экономика және қаржы басқармасының басшысы

4.Басқа да мәселелер.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2024 жылғы 13 желтоқсан күні сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратының (ескі) 7 қатардағы мәжіліс залында  өтеді.

Атырау облыстық мәслихаты

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК