VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САЙЛАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 10 қаңтар күні бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 411758 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау  бюллетеньдерін 226508 адам немесе 55,01 процент алды.

Дауыс беруге 224483 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 53 сайлаушы дауыс берді, дауыс беретін үй-жайдан тыс аумақта 1903 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесідей дауыс саны берілді:

   «Nur Otan» партиясы –  180851 дауыс  немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 81,68% дауысы;

   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 18871 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың  8,52 % дауысы;

   Қазақстанның «Ақ  жол» демократиялық партиясы – 19019 дауыс немесе сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 8,59% дауысы;

   «ADAL» саяси партиясы – 2679 дауыс немесе сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 1,21% дауысы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының жеті және одан артық процент дауыстарын алған саяси партиялар арасында депутаттық мандаттардың келесідей бөлінуі анықталды:

   «Nur Otan» партиясы – 26 мандат;

   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3 мандат;

   Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық партиясы – 3 мандат.

 

 Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Ақтау қаласы

Жаңаөзен қаласы

Бейнеу ауданы

Қарақия ауданы

Маңғыстау ауданы

Мұнайлы ауданы

Түпқараған ауданы

Дата публикации
13 января 2021