Қарақия аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Қарақия аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылы 10 қаңтарда Қарақия аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 20705 азамат енгізілді, оның 12833 адамы немесе 61,98 пайызы бюллетень алды.

Дауыс беруге 12775 адам қатысты, 44 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді. Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

«Nur Otan» партиясы - 10551 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 82,71%;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 2150 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  16,85%;

«ADAL» саяси партиясы - 56 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,44%.

Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:

«Nur Otan» партиясы - 10 мандат;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 2 мандат.

Қарақия аудандық сайлау комиссиясы