Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының 2026 жылғы «16» наурыздағы №02-03/24 бұйрығымен бекітілген .Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі
|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және грантты іске асыру |
Грантты іске асыру аумағы |
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді) |
|
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы |
||||||||
|
1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Маңғыстау жастарының IT-құзыреттілігін дамыту |
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының жастары үшін цифрлық сауаттылықты арттыру, жаңа технологияларды меңгеру және IT саласындағы мүмкіндіктерге қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары, білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік инфрақұрылымдарға қолжетімділігіне қатысты ақпараттардың шашыраңқылығы олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, өңірде IT саласына қызығушылық танытатын жастарға арналған білім беру және тәжірибелік алаңдардың жеткіліксіздігі байқалады. Бұл мәселені шешу мақсатында жастарға арналған мобильді қосымша әзірленіп, оның көмегімен аймақ жастарына білім алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және цифрлық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері ұсынылады. Сонымен қатар, IT-хаб алаңында хакатон, вебинарлар, менторлық кездесулер ұйымдастырылып, жастардың IT және цифрлық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибесін арттыру қажеттілігі бар. Өңірлік техно-кездесулер мен инновациялық шешімдер байқауы арқылы жастарға өз идеяларын ұсыну және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі берілуі қажет.
|
8 000 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор: 1. «Mangystau zhastary» мобильді қосымшасындағы курстар арқылы кемінде 1000 жасты тікелей қамту; 2. Жобаға (курсқа) қатысқан жастардың кемінде 75%-ының цифрлық сауаттылығы мен IT дағдылары деңгейі артады (сауалнама нәтижелері бойынша); 3.Жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 15 000 қаралымды құрайды. Күтілетін нәтижелер: 1. «Mangystau zhastary» мобильді қосымшасын жаңартылып, жаңа функцияларын әзірлеу; 2. Аймақ жастарына арналған жасанды интеллектті пайдалану бойынша кемінде 2 шеберлік сағат ұйымдастыру; 3. «Mangystau zhastary» мобильді қосымшасына тұрақты техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; 4.Жасанды интеллект және IT саласы сарапшыларының қатысуымен кемінде 5 подкаст жазылып, әлеуметтік желілерде жариялау; 5.Әлеуметтік желілерде жарияланған 5 подкасттың ақпараттық қамтуы - кемінде 10 000 қаралым. |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
8 000 000 |
|
|
|
|
|||