Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2025 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының 2025 жылғы «14» сәуірдегі №02-03/23 бұйрығымен бекітілген

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2025 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқаша сипаттамасы

Қаржыландыру көлемі

Грант түрі

Нысаналы индикатор

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

1

Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты дамыту

Маңғыстау облысында белсенді 15-ке жуық волонтерлік бастамашыл топ қызмет атқарып келеді.

Аймақтағы волонтерлер не волонтерлікпен айналысқысы келетін әрбір жас волонтерлікті қолдау не дамытуға қатысты кеңесті ақысыз алуға, әлеуметтік идеясын іске асыру бойынша нақты әдістемелік көмек алуға жағдай жасалуы тиіс.

Қазіргі таңда аймақта волонтерлік қозғалыстың даму деңгейі төмендеп келеді. Аймақ жастары мен жасөспірімдері арасында волонтерлік туралы түсінік қалыптастыру, волонтерлік ұйымдардың жұмысына қолдау көрсету, волонтерлік бағыттарын әртараптандыру, волонтерлермен үздіксіз байланыс орнату қажеттілігі туындап отыр.

Аталған жұмысты жүйелі ұйымдастыру – аймақтағы волонтерлік қозғалысты жандандыруға, оның бағыттарын әртараптандыруға, волонтерлік қызметті жүйелендіруге мүмкіндік беруі қажет.

 

11 230 500

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Маңғыстау облысындағы волонтерлік қозғалысты жандандыру арқылы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтар санын кемінде 50-ге жеткізу;

2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі кемінде 70% құрайды (сауалнама нәтижелері бойынша).

 

Күтілетін нәтижелер:

1)  Аймақтағы волонтерлік топтар мен бастамашыл топтарға арналған қаржылай емес қолдау бағдарламасы іске асады;

2)   Аймақтағы волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға арналған кемінде 2 спорттық, 2 қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылады;

3)  Аймақтағы орта, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдарында кемінде 3000 оқушыға (студентке) арналған үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылады;

4)  Аймақтағы жасөспірімдер мен жастарға арналған волонтерлік оқыту бағдарламасы әзірленіп, 150 волонтер үш күндік оқыту бағдарламасынан өтеді;

5)  Аймақтағы волонтерлер Фронт-офисінің қызметі және ақпараттық жұмысы сапалы жүргізіледі;

6)  Маңғыстау облысындағы кемінде 150 волонтерлердің қатысуымен ынталандыру шарасы өтеді.

2

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Аймақтағы жұмысшы жастардың әлеуетін арттыру

Мемлекет басшысы  2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Аталған шешім еліміздегі жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлін арттырып, еңбек культін қалыптастыруға бағытталып отыр.

Маңғыстау облысында жұмысшы жастармен жұмыс жүргізу жолға қойылып, өндірістік мекемелер жанындағы жас мамандар кеңесі құрылған. Аталған кеңес мүшелігіндегі кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жұмысшы жас мамандар аймақтағы қоғамдық-мәдени өмірге белсенді араласып келеді.

Қазіргі таңда аймақ жастары арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жұмысшы жастарға арналған мәдени-спорттық, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, жұмысшы жас мамандардың қоғамдағы рөлін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

 

11 570 750

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Маңғыстау облысындағы жұмысшы жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы белсенді жұмысшы жастар санын кемінде 1000 адамға жеткізу;

2. Жобаны ақпараттық қамту кемінде 10 000 адамды құрайды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)       Аймақтағы жұмысшы жастармен жұмыс жүргізу бойынша үздік кәсіпорындарды ынталандыруға бағытталған кемінде үш айлық өңірлік байқау ұйымдастырылады;

2)        Аймақтағы жұмысшы жас мамандардың қатысуымен барлық елді-мекенді (2 қала және 5 аудан) қамтитын кәсіби бағыт-бағдар беру туры өткізіледі;

3)        Маңғыстау облысындағы жұмысшы жастарға арналған әр іс-шараға кемінде 100 маманның қатысуымен кемінде 2 спорттық, 2 зияткерлік іс-шара, кемінде әр іс-шараға 50 маманның қатысуымен 3 трениң ұйымдастырылады;

4)        Маңғыстау облысындағы жұмысшы мамандардың қатысуымен ауқымды инновациялық шешімдер байқауы және жәрмеңкесі ұйымдастырылады;

5)        Маңғыстау облысындағы кемінде 300 жұмысшы жастың қатысуымен өңірлік жұмысшы жастар жиыны ұйымдастырылады.

3

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Маңғыстау облысында видеоөндіріс саласында кәсіби мамандарды даярлау

Маңғыстау облысында креативті индустрия саласында кәсіби сценаристер, операторлар және монтажерлерді даярлау деңгейі жеткіліксіз. Жастардың бұл салаға қызығушылығын арттырып, біліктілігін дамыту үшін арнайы оқыту шаралары мен тәжірибелік мүмкіндіктер қажет. Сонымен қатар, жас мамандардың шығармашылығын таныту мақсатында байқаулар өткізіп, олардың үздік жұмыстарын кең аудиторияға ұсыну маңызды. Сондай-ақ, аймақ жастарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беру үшін қысқа бейнероликтер әзірлеу қажет.

Бүгінде аймақтағы креативті индустрия өкілдері оның ішінде кәсіби сценаристер, операторлар және монтажерлерді біріктіретін алаң ұсынылып, олардың әртүрлік жанрдағы видеөнімдерді дайындауына мүмкіндік беру қажеттілігі туындап отыр.

11 440 750

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Маңғыстау облысында видеоөндіріс мамандарын қалыптасыру арқылы креативті индустрия саласындағы жастардың үлесін арттыру;

2. Жобаны ақпараттық қамту кемінде 30 000 қаралды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)  Аймақта кәсіби сценаристер, операторлар және монтажерлерді дайындауға бағытталған кемінде 2 бағыт бойынша кемінде 2 шеберлік сағат ұйымдастырылады;

2)  Аймақтағы сценаристер, операторлар және монтажерлерға арналған топтық байқау өтеді;

3)  Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар аймақтағы танымал пабликтерде жарияланады;

4)  Аймақ жастарына арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы кемінде 10 қысқа бейнероликтер әзірленеді (5000 қаралымнан кем емес).

4

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту

Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 34 жас аралығында жастардың саны 240 031, ол облыс халқының 29,8%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта жастар психикалық денсаулық дағдарыстарымен, соның ішінде мазасыздықпен, депрессиямен және басқа да жағымсыз эмоционалды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Аталған жағдайлар жастарға қатысты буллинг және кибербуллинг, суицид, лудомания, наркомания, интернет тәуелділік сынды әлеуметтік жағымсыз құбылыстар артуына әкеліп отыр. Мәселен, Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметін сәйкес 2024 жылы жастар арасында 22 аяқталған суицид фактісі тіркелген.

Аймақта жастармен жүйелі жұмыс жүргізетін, жастарға психологиялық қолдау көрсететін мамандардың тапшылығы, жастардың менталды денсаулығын сақтауға және эмоцианалды инттелектісін арттыруға бағытталған іс-шаралардың аз болуы – олардың психикалық денсаулығын сақтауға кері әсерін көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда қоғамның барлық тобын атап айтқанда үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдерін, әртүрлі салада жетістікке жеткен азаматтарды, қоғамдық пікір көшбасшыларына аталған мәселелерді шешуге жұмылдыру қажеттілігі туындап отыр.

11 540 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Маңғыстау облысы жастарының кемінде 5%-ына ментальды денсаулық сақтау бойынша ақпараттандыру;

2. Менталдық Денсаулық сақтау саласындағы білім мен дағдылар деңгейінің жоғарылауын белгілейтін жобаға қатысушылардың үлесі кемінде 60% -. құрайды (сауалнама нәтижелері бойынша).

 

Күтілетін нәтижелер:

1)       Аймақтағы кемінде 20 психологтың қатысуымен республикалық сарапшыларды тарта отырып кемінде 4 компонентті екі күндік оқыту ұйымдастырылады;

2)       Аймақтағы кемінде 10 психологтың қатысуымен Алматы және Астана қаласында орналасқан психологиялық қолдау орталықтары мен кабинеттерінің қызметімен танысуы үшін стади-тур ұйымдастырылады;

3)       Жастарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған  бірыңғай дизайндағы әлеуметтік желілерде арнайы парақша ашылады және тұрақты сапалы контент ұсынылады;

4)       Мемлекеттік грант есебінен біліктілігін арттырған психологтардың жеке брендін қалыптастыру бойынша шеберлік сабағы мен менторлық қолдау бағдарламасы іске асады.

5

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру

Уәкілетті органдардың статистикалық деректеріне сәйкес Маңғыстау облысында 14 пен 34 жас аралығында 5912 мүмкіндігі шектеулі жас бар.  Аймақта мүгедектігі бар жастарды кәсіпке бейімдеу арқылы қоғамға әлеуметтендіру мәселесі өте өзекті. Аталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қарастыру арқылы олардың әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жастарды қолдау жұмысының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы – олардың толық әлеуетін пайдалануға кедергі келтіретін және білім беру, дене шынықтыру, жұмыспен қамту және т.б. қоғамның әртүрлі аспектілеріне қатысу сияқты салалардағы теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергі болып отыр.

Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған оқыту шараларын ұйымдастыру, оларға психологиялық және менторлық қолдау көрсету, оларды қоғамдық жұмыстарға тартуды жүйелі әрі кешенді ұйымдастыруымыз қажет.

11 200 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы кемінде 100 аталған санаттағы жасты әлеуметтендіру;

2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі кемінде 70% құрайды (сауалнама нәтижелері бойынша).

 

Күтілетін нәтиже:

1)  Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар кемінде 100 жасқа кемінде 5 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады; 

2)  Аймақтағы кемінде 50 ерекше қажеттілігі бар жастың қатысуымен спорттық іс-шара ұйымдастырылады;

3)   Өңірде ерекше қажеттіліктері бар жастарды өз бизнесін ашуға ынталандыру үшін 300 000 теңгеден 10 шағын грант бөлінетін болады;

4)  Аймақтағы ерекше қажеттілігі бар жастардың қатысуымен ынталандыру шарасы мен әлеуметтік көрме ұйымдастырылады.

6

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Жастар арасындағы әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру

2024 жылы Маңғыстау облысының әзіл-сықақ  ойындарының маусымашар фестиваліне  58 әзіл-сықақ командасы тіркелген. Аймақта әзіл-сықақ ойындарының 3500-ге жуық қатысушысы бар.

Аймақтағы шығармашыл жастар әзіл-сықақ ойындарын өзін-өзі көрсету және пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау, сенімділік пен сыни ойлауды дамыту, көшбасшылық және командалық дағдыларды дамыту, шығармашылық пен эмоционалдық интеллектті арттыру мүмкіндігін сыйлайтын алаң ретінде қарастырады.

Бүгінде аталған ойынның қатысушылары қазақ тіліндегі сапалы контентті жасаушылардың басым бөлігін құрайтынын ескерсек, әзіл-сықақ ойындары арқылы креативті индустрия саласын дамыту мүмкіндігі туындап отыр.

Аталған ойындарға шығармашылық қабілеті жоғары бірақ өмірлік қиын жағдайларға тап болған, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдер мен жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Демек, әзіл-ысқақ ойындарын ұйымдастыру арқылы жастар арасында аймақтағы креативті индустрияны дамытумен бірге жастарды әлеуметтендіру мәселесі де оң шешімін табады.

11 525 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Жастарды әлеуметтендіру үлесін арттыру мақсатында жастар әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру арқылы тікелей кемінде 2 500 жасты қатысуын қамтамасыз ету;

2. Ақпараттық қамту кем дегенде 40 000 қаралды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)       Маңғыстау облысының кемінде 10 резиденттің кемінде 300 көрерменнің қатысуымен әзіл-сықақ кеші ұйымдастырылады;

2)       Маңғыстау облысының әзіл-сықақ ойындарының кемінде 2 лигасы, әр лига бойынша барлығы 3 ойыны ұйымдастырылады;

3)       Кемінде 3 әзіл-сықақ командасы республикалық әзіл-сықақ ойындарына жолдама беріледі;

4)       Әзіл-сықақ жанрындағы жастарға арналған кемінде 150 жастың қатысуымен 2 оқыту шарасы ұйымдастырылады;

5)       Маңғыстау облысында кемінде жаңа 10 әзіл-сықақ тобы құрылады;

6)       Кемінде 40 000 қаралымды қамтитын бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде түсіру және жариялау.

7

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Маңғыстау облысындағы шығармашыл жастарды қолдау

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жасаған сапарында аймақтағы дарынды жастарды қолдау қажеттігін атап өтті. 2023-2024  жылы аралығында аймақта шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған «Жиналайық» жобасы жүзеге асырылып, жобаға 200-ден астам жас тікелей, 10 000 жас жанама қамтылды.

Бүгінде аймақта жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, талантты жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелеу арқылы креативті индустрияны дамыту міндеті тұр. Соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы өңір жастары мен жасөспірімдерінің шығармашылық әлеуетін байқауға болады. Аймақтағы заманауи өнер саласының жастарына арналған алаңдар, шеберлік сағаттар мен нетуоркиңтер, кешенді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру қажеттілігі бар.

Өңір жастарының ішіндегі таланттарды анықтау, олардың шығармашылық шыңдалуына жағдай жасау – қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің алдын алуға, жастар дамуына айтарлықтай әсер етеді.

11 000 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Өңірдегі  кемінде 15 заманауи өнер саласының өкілдерін қолдау арқылы аймақ жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру;

2. Жобаны ақпараттық қамту кемінде 50 000 қаралды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)  Ақтау және Жаңаөзен қаласында музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы дарынды жастардың кемінде 3 шағын кешін ұйымдастыру;

2)  Аймақтағы заманауи музыка саласындағы талантты жастарға арналған республикалық деңгейдегі маман қатысуымен кемінде 35 жасқа арналған 1 уоркшоп ұйымдастыру;

3)  Аймақтағы заманауи музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы кемінде 15  дарынды жасты анықтап, оларға  ақпараттық және консультативтік сүйемелдеу, қолдау көрсету;

4)  Аймақтағы заманауи музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы дарынды жастардың Open Air форматындағы кешін ұйымдастыру.

8

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Маңғыстау жастарының IT-құзыреттілігін дамыту

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының жастары үшін цифрлық сауаттылықты арттыру, жаңа технологияларды меңгеру және IT саласындағы мүмкіндіктерге қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары, білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік инфрақұрылымдарға қолжетімділігіне қатысты ақпараттардың шашыраңқылығы олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, өңірде IT саласына қызығушылық танытатын жастарға арналған білім беру және тәжірибелік алаңдардың жеткіліксіздігі байқалады. Бұл мәселені шешу мақсатында жастарға арналған мобильді қосымша әзірленіп, оның көмегімен аймақ жастарына білім алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және цифрлық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері ұсынылады. Сонымен қатар, IT-хаб алаңында хакатон, вебинарлар, менторлық кездесулер ұйымдастырылып, жастардың IT және цифрлық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибесін арттыру қажеттілігі бар. Өңірлік техно-кездесулер мен инновациялық шешімдер байқауы арқылы жастарға өз идеяларын ұсыну және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі берілуі қажет.

 

11 680 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Өңір жастарына арналған мобильді қосымша әзірлеу арқылы облыс жастарының кемінде 10%-ының IT сауаттылығын арттыру

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Аймақ жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, білім алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандарды пайдалану, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін және ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын мобильді қосымша әзірленеді және тұрақты жүргізіледі;

2)   Аймақтағы IT-хабтың алаңында жастарға арналған жасанды инттелект, цифрлық технологиялар бойынша 1 хакатон, 2 вебинар, 5 менторлық кездесу ұйымдастырылады;

3)   Аймақтағы IT саласы сарапшыларының қатысуымен кемінде 2 техно-кездесу өтеді;

4)   Аймақта өңірлік инновациялық шешімдер байқауы ұйымдастырылады.

9

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Маңғыстау  облысының NEET санатындағы және жұмыссыз жастарына арналған цифрлық білім беру бағдарламасын әзірлеу

Аймақтағы NEET санатындағы жастардың үлесі облыс жастарының 10,3%-ын құрайды. Аталған санаттағы жастарды жұмыспен қамту, білім алуына жағдай жасау, біліктілігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл санаттағы жас азаматтардың әлеуметтік және экономикалық тұрғыда осал болуы – қоғамдағы теңсіздікті арттырып, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер етіп отыр.

Қазіргі таңда жұмыссыз жастар үшін дәстүрлі оқыту әдістерінің қолжетімді болмауы, жастар арасында цифрлық технологиялар мен мобильді қосымшаларға деген сұраныстың артуы – жастарға білім берудің жаңа форматын ұсыну қажеттілігін көрсетіп отыр. Аймақта жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына, өз бетінше табыс табуына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған цифрлық білім беру бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.

11 665 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Білім беру бағдарламасын әзірлеу және оны жүргізу арқылы аталған санаттағы жастардың  үлесін кемінде 5%-ға төмендету;

2. Ақпараттық қамту кем дегенде 25000 қаралды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Аймақтағы NEET санатындағы және жұмыссыз жастарға арналған кемінде 10 мамандық (оның ішінде бірнеше (кемінде 1-5) модуль болуына қамтамасыз ете отырып) бойынша курстар сериясын түсіру, монтаждау және тарату жұмыстары ұйымдастырылады;

2)   Білім беру бағдарламасы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұсынған  мобильді қосымшаға интеграцияланады;

3)   Әлеуметтік желілердің танымал беттерінде жоба бойынша медиа науқан жүргізу (кемінде 25 000 адамды қамту).

10

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету

Аймақтағы ауыл жастары мен қала жастарының арасындағы әлеуметтену деңгейі бойынша алшақтықты жою – өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ауыл жастарының мемлекеттің басқару ісіне тарту және ауыл-аймақтағы өзін-өзі басқаруды қалыптастыруда олардың үлесін арттыру маңыздылығы артып келеді.

Ауыл жастарының қалаға үдере көшу процесін азайту үшін ауыл-аймақтың инфрақұрылымын дамыту маңызды. Ауыл жастарының шағын инфрақұрылымдық идеяларын іске асыруға мүмкіндік беру арқылы ауылдағы жас азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мемлекет пен азаматтық қоғамның тиімді серіктестігін дамытуға септігін тигізеді. 

1550 500

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету арқылы бастамашыл ауыл жастарының тобын құру

2. Жобаны ақпараттық қамту кем дегенде 25 000 қаралды.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)  Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету мақсатында соммасы 1 000 000 теңгені құрайтын 7 шағын грант ұсыну;

2)   Жоба шеңберінде шағын грант алушылар үшін оқыту іс-шараларын өткізу және менторлық көмек көрсету;

3)  Бастамашыл ауыл жастары туралы кемінде 7 ақпараттық видеоролик дайындау және тарату;

4)  Ауыл жастарының үздік урбанистикалық бастамаларының көрмесін ұйымдастыру және өткізу.

11

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Жастар мен жасөспірімдерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын жүйелендіру

 

Маңғыстау облысы – мұнай-газ өнеркәсібімен ерекшеленетін еліміздің экономикалық тұрғыдан маңызды аймақтардың бірі. Аталған фактор аймақ жастары мен жасөспірімдерінің мамандық таңдауда елеулі рөл атқарып отыр. Аймақ жастары мұнай-газ саласының маманы, заңгер, экономист, бухгалтер сияқты мамандықтарды таңдайды. Нәтижесінде еңбек нарығындағы сұраныс ескерілмей, жастар жұмыссыздығы өршіп тұр. Аталған мәселенің себебі – аймақ жастары арналған сапалы кәсіби бағыт-бағдар беру жүйеленбеген.

Қазіргі таңда аймақтағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында профориентолог штаты ашылған және олар жұмыспен қамтылған. Алайда аталған мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және жасөспірімдер арасында оларға жүгіну жолға қойылмаған. Бүгінде аймақта кәсіби профориентологтар пулын қалыптастыру, жасөспірімдерге арналған профориентациялық тестілеу әзірлеу және жүргізу, мультимедиалық құралдар арқылы кәсіби бағыт-бағдар беру қажеттілігі бар.

11 585 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Аймақтағы кемінде 30 профориентолог маманның біліктілігін арттыру арқылы жастарға кәсіби бағыт-бағдар беруді жүйелендіру;

2. Сауалнама нәтижелері бойынша кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндіктері туралы көпшіліктің хабардар болу деңгейін кемінде 30% - ға арттыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Аймақтағы кемінде 30 профориентологқа арналған кемінде 4 сарапшының қатысуымен кемінде 4 компонентті оқыту бағдарламасы ұйымдастырылады;

2)   Аймақ оқушыларына арналған профориентациялық кездесулер ұйымдастырылады;

3)   Аймақ жастары мен жасөспірімдеріне арналған онлайн профориентациялық тестілеу әзірленеді және таратылады;

4)    Аймақ жастары мен жасөспірімдеріне кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталған паблик ашу және аталған пабликке түрлі форматтағы медиа-өнімдерді (посттар, инфографика, бейнероликтер, подкасттар және т. б.) дайындау және ілгерілету

12

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының саяси мазмұны мен идеологиялық мәнін атап өтті. Қазіргі таңда жас азаматтардың бойында табиғатты аялау, экологиялық мәдениет қалыптастыру маңызыдылығы артып келеді. Аймақта қоқыс полигондарының заманауи стандарттарға сәйкес келмеуі, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуы, азаматтардың қоғамдық орындарда қоқыс тастауы, қоршаған ортаны ластауы – аса өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі таңда аймақта жастары мен жасөспірімдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру кезек күттірмейтін іс. Аталған бағытта экологиялық науқандар, фестивальдар мен танымдық іс-шаралар, хакатондарды жүйелі ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін эко-сабақтар сериясын дайындау және тарату, экобелсенділерге шағын гранттар беру арқылы олардың идеясын іске асыруына жағдай жасау қажеттілігі бар.

11 444 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Аймақ жастарына арналған кемінде 7 эко-сабақ әзірлеу арқылы жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру;

2. Қатысушылардың экологиялық сауаттылық деңгейін эко сабақтарға, хакатонға және жоба презентацияларына қатысқанға дейін және одан кейін салыстырмалы сауалнама нәтижелері бойынша кемінде 30% - ға ұлғайту.

 

Күтілетін нәтиже:

1)    Маңғыстау облысындағы кемінде 1 000 жасты тарта отырып қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу объектілеріне кемінде  10 таныстыру шарасы ұйымдастырылады;

2)    Маңғыстау жастарына арналған кемінде анимациялық (мемлекеттік және орыс тілінде) 7 эко-сабақ әзірленеді және таратылады;

3)    Маңғыстау жастарына арналған кемінде 2 эко-фестиваль ұйымдастырылады;

4)    Аймақта жас экобелсенділерге арналған кемінде 300 000 теңгені құрайтын кемінде 10 шағын грант беріледі;

5)    Жастардың арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған 1 хакатон өткізіледі

13

Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

Жастардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету

Маңғыстау облысында жас новаторлар мен стартаперлерді қолдау мақсатында қабылданған шаралар аймақтағы кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға және жастардың инновациялық жобаларды жүзеге асыруына тікелей әсер етеді. Бұл жобалар аймақтың экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жастардың әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда облыстың жастар арасында стартап жобалары мен инновациялық шешімдерге деген қызығушылық артты. Алайда аймақта жастарға арналған менторлық қолдау жүйелері мен стартаптарды дамыту үшін жеткілікті ресурстар мен инфрақұрылым жоқ. Осыған байланысты аймақта жастардың стартап-идеяларын қолдау бағдарламасын іске асыру, жас новаторлар мен стартаперлермен жұмыс жүргізуді жүйелендіру қажеттілігі туындап отыр.

11 690 000

Қысқа мерзімді

1 грант

Нысаналы индикатор:

1. Аймақта кемінде 30 жастан тұратын жас новаторлар тобын қалыптастыру;

2. Өңірдегі жастар стартаптарын қолдау бағдарламасын ілгерілету бойынша онлайн және офлайн арналар арқылы кемінде 35000 қаралымды ақпараттық қамту.

 

Күтілетін нәтижелер:

1)   Өңір жастарының кемінде 3 стартапы үшін грант беру (әрбір стартап үшін сома – кемінде 2 000 000 теңге);

2)   Өңірде стартаптарды тәлімгерлік қолдау бағдарламасы іске қосылады;

3)   Өңірдегі жас стартаперларды анықтау және іріктеуге бағытталған аймақтың барлық елді-мекенде (5 аудан және 2 қала) үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылады;

4)   Аймақтағы жас стартаперлерге арналған ақысыз тағылымдама ұйымдастырылады

 

149 121 500

 

 

Дата публикации
15 апреля 2025