Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

 

 

 

 

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ»

 

МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕСІ

 

 

 

 

 

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ

 

«УПРАВЛЕНИЯ ПО ВОПРОСАМ МОЛОДЕЖНОЙ ПОЛИТИКИ

МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

                         Б Ұ Й Р Ы Қ                                                                      П Р И К А З

 

 

 ___________________________  № ______________

 

                             Ақтау қаласы                                                                                                         город Актау

                                                                           

Үкіметтік емес ұйымдар үшін
2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі                                                  (бұдан әрі –Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастар ортасын дамыту бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастар ортасын дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар ортасын дамыту бөлімінің бас маманы Ж. Оразбаеваға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Басқарма басшысы                                                                                                                       М. Оралбай

 

 

Дата публикации
14 февраля 2024