Меню

Страницы

Статья

Жылауық құрт кеселінен сақтаныңыз!

Жылауық құрт кеселі (эхинококкоз) - адам мен жануарлар ағзаларына құрт
қоздырғышы эхинококк
(Echіnococcus granulosus) таспа құртының түсуінен пайда
болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы жануарларынан, ит,
мысықтардан жұғады. Көзге əрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1
см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де,
солардың дəреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды жəне қоршаған ортада ұзақ
уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін
пайдаланғанда, сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін
ұстағанда жəне ит, мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ
ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі.
Асқазанға түскен жылауық құрттың қоздырғышы сыртқы қабығынан айырылып
ішек қатпарларына енеді, содан əрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми
жəне басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық
құрт өсіп өне бастайды, нəтижесінде адам өміріне қауіп төндіреді.
Тазалық мұқият сақталған жерде бұл аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы
тəжірибелерге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын адамдар
арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың таратушы көздері жабайы жануарлар мен
ит, мысықтар екенін жоғарыда айтып өттік. Бір ауру итте 200 мыңға жуық жылауық
құрттың қоздырғыштары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға, яғни үйдің
айналасына, аулаға, т.б. жерлерге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт
қоздырғыштарын шашады. Олар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы
адамға жұғады. Əсіресе, ит, мысықпен көп ойнайтын балаларға бұл кеселдің жұғу
қаупі жоғары болып келеді. Иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Ол,
өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құртымен бүлінген ағза
мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей, өртеп жіберген дұрыс.
Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нəжістерін өртеп жіберу, жыл сайын
ветеринария мамандарына тексертіп отыру жəне дəрі беру арқылы құрттардан
тазартып тұру керек.
Қазіргі таңда республикалық бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, адамдардың
асырауындағы, ветеринариялық ұйымдарға тіркелген иттерді жылына 4 рет
дегельминтизациялау (құрттардан тазартып тұру) тұрақты жүргізілу үстінде жəне
қаңғыбас иттер тұрақты ауланып, жойылып отырылады. Алайда, соңғы жылдары
облысымызда бұрынғы жылдармен салыстырғанда, адамдардың осы кеселмен
ауыруы көбейгені байқалып отыр. Сондықтан жеке жəне заңды түлғаларға өз
аумақтарындағы ветеринариялық ұйымдарға асырауындағы иттерді тіркетулері,
оларға паспорт шығартулары жəне тиісті іс-шараларын жүргізіп отырулары міндетті
болып табылады.
Тазалық - денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалық сақтап, өзімізге
жəне айналамыздағы адамдар мен балаларға жылауық құрт кеселін жұқтырмауды
ұмытпағанымыз жөн!
Маржан Мұханбетова,
Маңғыстау облысы əкімдігі
«Маңғыстау облысының ветеринария
басқармасы» ММ бас маманы.

«Лада» газеті, №52 (1130), 28.12.2017ж. https://www.lada.kz/pdf/

Дата публикации
28 декабря 2017
Дата обновления
01 января 1970
Тип
Для СМИ

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Полезная информация
11 декабря 2020
Остерегайтесь ленточных червей!
20 апреля 2020
Ветеринарно-санитарная безопасность

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации