"Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды
іске асыруға мемлекеттік гранттар
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Жобаның атауы.
1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).
1.3. Жарғылық капиталды бөлу.
1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.
1.5. Сайт (болған жағдайда).
1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.
1.7. Шығарылуы болжанатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе бизнес-процесс.
1.8. Грантты алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.
2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (өнімнің функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен параметрлері).
2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңашылдық (оның ішінде жобаның өзектілігі мен бірегейлігі туралы ақпарат; бизнес-жобаны іске асыруға ұсынылатын шешімнің жаңашылдығы, яғни сату арналары, маркетингтік стратегия құру, өнім материалы/өндіру әдісі және т.б.; жобаның технологиялық деңгейі).
2.3. Жоба тақырыбы бойынша патенттердің және өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.
2.4. Жобаның бизнес-процесінің не өнім жасаудың сипаттамасы (оның ішінде бизнес-жобаның өтелу мерзімі туралы ақпарат; бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі;өнім берушілер мен тұтынушылар туралы ақпарат; тауарды/негізгі құралдарды/шикізатты және материалды жеткізуге/қызметтер көрсетуге/жұмысты орындауға /технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б сатып алуға шарттардың/келісімшарттардың болуы).
2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету (оның ішінде бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайдың және инфрақұрылымның болуы; өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі).
3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау, бизнесті кеңейту перспективасы.
3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі (өндіруге ұсынылып отырған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтарымен салыстырғандағы техникалық деңгейі мен құны, ақпарат дереккөздеріне сілтемелер):
1 кестеКөрсеткіштер атауы | Көрсеткіштердің мәні | ||
Ұсынылатын үлгі |
№ 1 аналог |
№ 2 аналог |
|
3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.
- Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.
- Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлемдер, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).
- Компанияның өнімі иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.
- Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.
- Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).
- Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).
4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызметінің бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса бере отырып олардың біліктілігі.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.
4.3. Басқарудың ұйымдық құрылымы. Жаңа мамандарды тарту схемасы.
5.1. Тәуекелдердің ықтимал типтері мен көздері, оларды азайту бойынша шаралар.
5.2. Кезеңдері, нақты алынатын нәтижелері, уақыт аралықтары және қажетті қаражаты көрсетіле отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде, сол сияқты аталған кезең аяқталғаннан кейін де жоспар жасалады) (2-кесте).
2 кесте
Жобаны іске асыру кезеңінің атауы |
Кезең мерзімі |
Кезең құны |
Сапалық және сандық нәтижелер |
6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе меншікті қаражатының көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).
6.2. Жобаны іске асыруға бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).
3 кесте
Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар |
Шығындар сомасы (теңге) |
Жұмыстар кезеңдері |
Баға белгілеу бойынша түсіндірме |
Қаржыландыру көзі |
Есептемелерде қолданылатын дереккөздер |
Шығындар – Барлығы: | |||||
оның ішінде баптар бойынша: |
|||||
Басқа қаржыландыру көздерінің есебінен шығындар - Барлығы: | |||||
Оның ішінде: |
|||||
Меншікті қаражаты |
|||||
Өзге (қандай екенін көрсету) |
6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматындағы көрсеткіштер есептемесі қоса беріледі.
6.4. Excel форматындағы кесте түріндегі есептемелерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы болжамы жоспарының есептемесі. Қызмет түрлері, шығындар баптары бойынша таратып жазылған шығындар бойынша таратып жазумен кірістер бойынша есептер.