Тұщықұдық ауылы аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 79 шақырым қашықтықта Бозащы түбегінің оңтүстік батысында орналасқан. Облыс, аудан орталықтарынан елді мекенге дейін асфальт жол төселген.
Ауылдық округ жер көлемі - 14 924,7 га, Тұщықұдық ауылының жер көлемі - 11 796,0 га, Қияқты елдімекенінің жер көлемі -3128,7 га. Жайылымдық жер көлемі - 14 550,10 га, Қияқты елдімекенінің жайылымдық жер көлемі - 3104,1 га. Жергілікті атқарушы орган өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін ҚР Заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жәй-күйіне жауапты орган.
| мекенжай | Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы Сисен Абдрахманов көшесі 19/2 |
| Телефон байланысы | 41-3-41 |
| почта | tushhykudyk.akimat@mail.ru |