Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 9 желтоқсан - сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне орай семинар өтті
Семинарда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сондай-ақ жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған және жоспарланатын шаралар туралы ақпарат қамтылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген демократиялық реформалардың қоғамдағы жемқорлықты қабылдауға айтарлықтай әсері атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қоғамдық қатынастарды одан әрі цифрландыру талқыланды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша баяндалды.