"Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 23 ақпандағы № 28 н/қ бұйрығы

Үкіметтік емес ұйымдар үшін

2023 жылға арналған мемлекеттік

гранттардың басым бағыттарының

тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, монторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
  2. Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мәдениет және өнер саласын дамыту бөлімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбені Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Басқарма басшысының

міндетін атқарушы                                                               Г.Базаралиева

Дата публикации
24 февраля 2023