Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған бағыттарының тізбесі

Маңғыстау облысы бірегей табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленеді және сирек әрі жойылып бара жатқан жыртқыш құстардың, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлердің мекен ету аймағы болып табылады.

Соңғы жылдары жекелеген популяциялар санының азаюы байқалуда. Бұл табиғи мекен ету ортасының тозуы, антропогендік жүктеме, браконьерлік, электр беру желілерінен зақымдану, сондай-ақ қоректік базаның төмендеуімен байланысты.

Қосымша қауіп факторы ретінде құстардың жарақат алу жағдайларына жедел әрекет ету жүйесінің жеткіліксіздігі, жабайы құстарды уақытша ұстау, ветеринариялық көмек көрсету және оңалтуға арналған мамандандырылған инфрақұрылымның болмауы табылады.

Өңірде биоалуантүрлілікті сақтау мен табиғи мұраға жауапкершілік туралы, әсіресе жастар арасында, экологиялық мәдениет пен ақпараттандыру деңгейі жеткіліксіз күйде қалып отыр.

Осыған байланысты жыртқыш және Қызыл кітапқа енгізілген құс түрлерін оңалту іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ өңір жастары арасында тұрақты экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді жобаны іске асыру қажеттілігі туындайды.

Перечень приоритетных направлений государственных грантов для неправительственных организации на 2026 год
Дата публикации
04 марта 2026