Астанада әскери журналистика мен дағдарыс жағдайындағы коммуникациялар бойынша оқу курсы өтеді

Астанада әскери журналистика мен дағдарыс жағдайындағы коммуникациялар бойынша оқу курсы өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі                 2025 жылғы 30 мамырда ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп, күштік құрылымдар жұмыскерлері мен журналистерге арналған әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар оқу курсын өткізу жоспарланғанын хабарлайды ( бағдарлама қоса беріледі).

Курс шеңберінде жауынгерлік қақтығыстар аймағындағы журналистер қызметінің ерекшеліктері, төтенше табиғи жағдайлар кезіндегі БАҚ рөлі, төтенше жағдайларға ден қоюда ақпараттық жүйелерді қолданудың өзекті тәсілдері және т. б. талқыланатын болады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 145 Жарлығымен бекітілген ҚР Ақпараттық доктринасын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Іс-шара келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 72, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, 3-1-1 аудитория.

БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/LX61CGa3jsc9pfNZ8

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады +7 7172 740186, +7 7172 72 14 23.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі