ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен, Narxoz университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебімен бірлесіп «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды (бағдарлама қоса беріледі).
Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық қорғау мен бостандықтарды нығайту үшін үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін, сондай-ақ деректер журналистикасын оқыту тәсілдерін талқылауға арналған.
Конференцияға медиа және журналистика саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың өкілдері қатысады: ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі (Австрия); Worlds of Journalism Study (Германия); Журналистика саласындағы білім беру жөніндегі дүниежүзілік кеңес, Academy France Médias Monde (Франция және Германия, Франция, Швециядан келген зерттеу ұйымдары мен университеттері, АҚШ, Нидерланды, Словакия, Орталық Азия университеттерінің журналистика және медиа факультеттерінің өкілдері.
Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 303, UN Plaza Almaty, Конференц залы.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/YPFsydfdx7Jux7359
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ БАҚ өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87237537076?pwd=91CZKKOcDhmmGdn59t9zUY7mmSqaZ3.1 (конференция идентификаторы: 872 3753 7076, кіру коды: 976374)
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі