
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.
Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.
Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
1. Балаларға арналған үздік кітап;
2. Үздік комикс;
3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
4. Детектив жанрындағы үздік кітап;
5. Сатира жанрындағы үздік кітап;
6. Үздік иллюстрациялық кітап;
7. Үздік аударма кітабы;
8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;
9. Үздік баспа;
10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.
Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қ., Пушкин көшесі 2/76, 8 қабат, 817 кабинет) қабылданады.
Байқау ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/982958?lang=kk
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі