2025 жылғы 1 тоқсан бойынша ел аумағында 18 конфессияны қамтитын 4007 діни бірлестік тіркелген
(2864 - исламдық, 349 - православтық, 102 - католиктік, 582 – протестант (елуіншілер – 222, баптистік – 192, пресвитериандық – 100, Жетінші күн адвентисттері – 41, лютерандық – 14, методистік – 9, меннонитік – 4), 56 - Ехоба куәгерлері, 23 - Жаңа апостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 – иудаизм, 6 - бахаи,2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).
Жалпы ғибадат үйлер саны – 3807 (2863 - мешіт, 302 - православ шіркеуі,
117 - католик шіркеуі, 432 - протестанттық ғибадат үйі (баптисттер – 167, елуіншілер – 151, пресвитериандар – 51, Жетінші күн адвентисттері – 34, лютерандық – 17, методистік – 8, меннонитік – 4), 55 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа Апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагога, 5 - Кришна санасы қоғамы, 2 - Бахаи ғибадат үйі,
1 - буддисттік ғибадатхана).
Елімізде ресми 415 миссионер тіркелген, олардың 376 - шетелдіктер,
39 - Қазақстан Республикасының азаматтары (cенімдер контексінде:
католиктер - 209, елуінші күн шіркеуі - 59, мормондар – 43, Кришна санасы қоғамы - 29, православтар - 19, пресвитериандық шіркеу - 21, Жаңа апостолдық шіркеу - 3, баптистер - 7, Жетінші күн адвентистері - 2, иудаизм – 3, Ехоба куәгерлері – 4, лютерандар – 14, методистік – 1, буддизм - 1).