Конкурс туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау мақсатында Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын ұйымдастырып отыр.