Жаслан Мәдиев Токиодағы Mitsubishi корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Жаслан Мәдиев Токиодағы Mitsubishi корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев  Мемлекет басшысының ресми сапары, сондай-ақ «Орталық Азия + Жапония» диалогы саммиті аясында Токиодағы Mitsubishi Corporation компаниясының штаб-пәтерінде компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Mitsubishi Corporation тарапынан:

  •         Mitsubishi Corporation компаниясының Түркия, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша өңірлік өкілі - Ясунори Сакамото;
  •         Mitsubishi Corporation компаниясының Стамбулдағы бас филиалының жаңа бизнес бағыттарын дамыту бөлімінің бас менеджерінің орынбасары - Кенто Оно;
  •         Mitsubishi Corporation компаниясының Алматы қаласындағы офисінің бас менеджері - Такамаса Яно қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Mitsubishi Corporation арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуындағы стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Экономиканың цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні дамыту, заманауи цифрлық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, сондай-ақ негізгі салаларда AI-driven бизнес шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар:

  •         жасанды интеллект экожүйесін және бағдарламалық шешімдерді дамыту;
  •         цифрлық инфрақұрылым мен телекоммуникациялар, оның ішінде 5G технологиялары;
  •         ақылды және орнықты қалалар;
  •         цифрлық энергетикалық шешімдер мен декарбонизация;
  •         Қазақстан аумағында деректер орталықтарын және есептеу инфрақұрылымын құру және дамыту салалары бойынша ынтымақтастық әлеуетін қарастырды .

Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру, технологияларды локализациялау және Қазақстанның цифрлық әрі индустриялық инфрақұрылымына инвестиция тарту мүмкіндіктері жеке талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Қазақстанның кешенді технологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар жаһандық компания ретінде Mitsubishi Corporation-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Mitsubishi Corporation өкілдері өңірдегі цифрлық трансформация, жасанды интеллект және инновациялық даму мәселелері талқыланатын негізгі халықаралық алаң - Digital Bridge халықаралық цифрлық форумына қатысуға шақырылды.

Тараптар диалогты жалғастыруға және алдағы байланыстар аясында ынтымақтастықтың нақты бағыттарын бірлесіп пысықтауға дайын екендерін білдірді.