1) «Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» КМҚК (Құлсары қаласы)
2) Аудандық орталық кітапханасы (Құлсары қаласы)
3) Аудандық балалар кітапханасы (Құлсары қаласы)
4) №1 қалалық кітапхана (Құлсары қаласы)
5) №2 қалалық кітапхана (Құлсары қаласы)
6) №3 қалалық кітапхана (Құлсары қаласы)
7) №4 кенттік кітапхана (Жаңа Қаратон кенті)
8) №5 ауылдық кітапхана (Қосшағыл ауылы)
9) №6 ауылдық кітапхана (Тұрғызба ауылы)
10) №7 ауылдық кітапхана (Шоқпартоғай ауылы)
11) №8 ауылдық кітапхана (Ақкиізтоғай ауылы)
12) №9 ауылдық кітапхана (Майкөмген ауылы)
13) «Орталық стадион» КМҚК (Құлсары қаласы)
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
«Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мақсаты мәдениет, тіл саласы, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылма – жылғы Жолдауы мен «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының негізгі басылымдарын мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттауға атсалысу.
1) құқықтары:
Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға;
Аудан әкіміне мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша материалдар дайындауға;
Бөлімнің қызмет саласына қатысты тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
Бөлім құзырындағы мәселелер мен айналысатын мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары басшыларына әдістемелік, ақпараттық және басқада көмек көрсетуге;
Мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға;
Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
Тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындауға;
Тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Қаржы басқармасына немесе аудандық қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім беруге.
Тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;
Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;
Тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептеп шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы.
Осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
Халық шығармашылығы жанрлары, музыкалық, ұлттық қолөнер мен бейнелеу өнерін дамытуға бағыт беріп отыру;
Тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, қазақ халқының, Қазақстанда басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет – ғұрыпын, дәстүрін құрметтеу;
Клуб, кітапхана, мәдениет үйлерінің, мәдениет саласындағы қызметті, мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, тарату бағытындағы жұмысын тиянақты іске асырып, қадағалап отыру;
Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым – қатынасты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануда бақылауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік және өзге де тілдерді насихаттау мақсатында аудандық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастыру.
Облыстың атқарушы органдарына ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді атау және қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.
Аудандағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт мектептерінің жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар мен балалар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
Театр, музыка және кино өнері, кітапхана, мәдени-демалыс, спорттық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Ауданның спорттық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;
Халықаралық, республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларын, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады;
Спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстарға (ҚР ішінде өтетін уәкілетті органның күнтізбелік жоспарында болған жағдайда, кубок, ел біріншілігі, чемпионатқа) қатысуын қамтамасыз етедi;
Ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
Өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
Кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;
Ведомстволық және қоғамдық ұйымдармен келісе отырып, спортшы резервтер дайындауды жүргізеді, спорт клубтарын, мектептер мен спорт ғимараттарындағы спорт жұмыстарын олардың бағыныштылығына қарамастан дамытуды үйлестіреді;
Облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (мақалалар жариялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.)
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Осы Ереженің және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.