Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 2025 жылға арналған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізеді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қайта құру арқылы реорганизациялауына (Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2025 жылғы 18 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес) байланысты, Министрлік жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген аккредиттеу жүргiзу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. Аталған Қағидаларда аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін жоюдың негіздері мен тәртібі айқындалған.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және  цифрлық даму министрлігіне 2025 жылғы 28 қазаннан  10 қарашаға дейін (жұмыс күндері сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін) электрондық нысанда электрондық мекенжайға ұсынады: moap@mdai.gov.kz (тел. анықтама үшін +7 (717) 2 64 94 71, 8-705-801-26-07).                                                                                                                          

Қажетті құжаттар тізімі:  

1) Қағидалардың 2-қосымшасының нысаны бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.                            

Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi.                                                                                                             

Егер:                                                                                                                                  

1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;                                                                                                                                   

2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;                                                                                                                            

3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;          

4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.                   

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредитация туралы куәлігі үш жыл мерзімге беріледі және оның нысаны Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

Дата публикации
28 октября 2025