1. Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітеді.
4. Департамент екі басқармадан:
1) Төрелік талқылауға дейінгі басқармасынан;
2) Төрелік талқылау басқармасынан тұрады.