Меню
Страницы
Облыстар
Қызметі
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Все материалы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы лицензиялау және бақылау басқармасы
19 мая 2026
Комитет Төрағасы арнаулы әлеуметтік қызметтер субъектілерін лицензиялау барысы туралы баяндады

2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Төрағасы Скуб Илья ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің аппараттық кеңесінде "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялаудың өзекті мәселелері"тақырыбында баяндама жасады.

 

Сөз сөйлеу барысында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметін міндетті лицензиялау енгізілгені атап өтілді. Бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыруға және әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

 

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 644 ұйым жұмыс істейді, оның 638-і лицензия алған. Қызметтермен 101 мыңнан астам адам қамтылды. Лицензияланған ұйымдардың ішінде 471 мемлекеттік мекеме және 167 үкіметтік емес ұйымдар бар.

 

Қызметті бірнеше бағыт бойынша жүзеге асыратын ұйымдарды ескере отырып, барлығы 672 лицензия берілді. Ұйымдардың ең көп саны үй жағдайында қызмет көрсететін 58 мыңнан астам адамды қамтитын 288 ұйымдар бар.

 

Лицензиялау енгізілгеннен бастап 1 462 өтінім келіп түсті. Кейбір жағдайларда медициналық лицензияның жекелеген кіші түрлерінің жоқтығын, штаттық нормативтердің сақталмауын, өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттардың жоқтығын және материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіз деңгейін қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталады. Сонымен қатар, ескертулер жойылғаннан кейін ұйымдар лицензия алуға қайта өтініш бере алады.

 

Комитет пен аумақтық департаменттер лицензиялау мәселелері бойынша, оның ішінде БАҚ, әлеуметтік желілер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қатысуымен онлайн кеңестер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама
03 мая 2026
Сырттай форматтағы МӘС: нәтижелері және қолданылу практикасы

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай форматта жүргізу шеңберінде 10,7 мың өтініш қаралды, бұл мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы санының 45%-ын құрайды.

Сырттай проактивті куәландыру онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық бұзылулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, мукополисахаридоз, сондай-ақ ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар және басқа да аурулар мен жай-күйлер бойынша кең ауқымда қолданылады. Қазіргі уақытта бұл формат 70-тен астам нозологиялық нысандарды қамтиды.

Сырттай форматты енгізу мемлекеттік қызметті алу рәсімін едәуір жеңілдетуге және оның азаматтар үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: әкімшілік және бюрократиялық кедергілер азайтылды, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы қамтамасыз етілді, қызметтерді жеке баруды қажет етпей алу мүмкіндігі жасалды, сондай-ақ қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысқа байланысты тәуекелдер барынша төмендетілді.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай форматы әлеуметтік саланы цифрландырудың маңызды элементі болып табылады және халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама
03 мая 2026
Өнеркәсіптік медицина және МӘС: KIOSH 2026-ға қатысу қорытындылары

2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша 14-ші Қазақстандық халықаралық KIOSH 2026 конференциясы мен көрмесі өтті.

Конференция бағдарламасы аясында 2026 жылғы 28 сәуірде «Өнеркәсіптік медицина: жаңа реттеуші талаптар және енгізу тәжірибелері» тақырыбында панельдік сессия өткізілді.

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы Ф. Халикова қатысты.

Сессия барысында Ф. Халикова «Өнеркәсіптік медицина контекстінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде қызметкерлердің кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеудің өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама ұсынды.

Баяндамада қызметкерлердің кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу тәсілдерін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ өнеркәсіптік медицина қағидаттарын медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінің қызметіне енгізу бағыттары айқындалды.

Конференцияға қатысу еңбекті қорғау саласының дамуындағы өзекті үрдістерді талқылауға, отандық және шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
30 апреля 2026
Зейнетақы жинақтары – қартайған шақтағы тұрақты табыстың негізі

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Комитет төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін қайта қарау тәсілдерін таныстырды. Зейнетақы жинақтарының ең алдымен зейнетке шыққаннан кейін тұрақты табысты қамтамасыз етуге арналғаны атап өтілді, ал мемлекеттің міндеті – азаматтарға қартайған шақта қаржылық тұрақтылық пен лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі айтылды.

Сұхбат барысында қолданыстағы әдістеме шектен асқан жинақтардың бір бөлігін алуға мүмкіндік беретіні, алайда ол тұрақты жұмыспен қамтылу мен жүйелі аударымдар жасалады деген болжамға негізделгені, бұл іс жүзінде әрдайым шынайы жағдайға сәйкес келе бермейтіні атап өтілді. Осыған байланысты тәсілдерді қайта қарау туралы шешім қабылданды: өзгерістердің негізгі мақсаты – жинақтардың бір бөлігін пайдаланған жағдайда да болашақ зейнетақы үшін жеткілікті қаражат көлемінің сақталуын қамтамасыз ету. Мысал ретінде 11 млн. теңге жинағы бар (46 жастағы) салымшы келтірілді: ол бүгінде 3,2 млн. теңгені ала алады, алайда бұл болашақ төлемдердің мөлшерін едәуір төмендетеді. Ал шектен асқан жинақтарды сақтаған жағдайда, болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері шамамен үш есеге жоғары болады.

Сондай-ақ жаңа әдістеме өмір сүру ұзақтығын, активтердің табыстылығын және зейнетақының мақсатты параметрлерін ескеретін актуарлық тәсілге негізделетіні атап өтілді. Шектердің ұлғаюы олардың соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмауына байланысты екені айтылды. Зейнетақы жинақтары ағымдағы шығыстарға арналған қаражат емес екені ерекше атап өтіліп, мемлекеттік саясат азаматтардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға және қартайған шақта қаржылық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталғаны көрсетілді.

 

Медициналық-әлеуметтік сараптама
01 апреля 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін дамыту: тәуелсіз сарапшылар реестрі кеңейтілуде

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін кезең-кезеңімен дамытуды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сырттай проактивті форматын енгізу және кеңейту арқылы жалғастыруда.

Жүктелген функциялар шеңберінде Комитет сырттай проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тартылатын медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметін үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларын тартудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 156-бабының 1-тармағы болып табылады. Аталған нормаға сәйкес сырттай проактивті куәландыру кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тәуелсіз сарапшыларды сараптамалық қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде тартады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың 80 тәуелсіз сарапшылар реестрге енгізілген (2025 жылы — 72 сарапшы), бұл мамандар құрамының кезең-кезеңімен кеңейтіліп жатқанын көрсетеді және мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетілуін арттыруға бағытталған.

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары 22 769 сараптамалық шешім шығарды.

Сарапшыларды іріктеу субъективті факторды болдырмайтын автоматтандырылған форматта жүзеге асырылады, ал олардың қызметі тұрақты бақылауда болады, оның ішінде қабылданатын шешімдердің сапасын бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағымдарды қарау тетігі қарастырылған.

 

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
31 марта 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы келісімін іске асыру тәртібі талқыланды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Мирас Ғабдолхаевтың төрағалығымен Комитеттің аумақтық департаменттерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелері болды.

Кеңес барысында аталған Келісімнің 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетіні атап өтілді. Осыған байланысты Комитеттің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әнел Шенеева қатысушыларға Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының Келесімді іске асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру регламентін жеткізді.

Кеңес модераторы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ Келісімді іске асыруға тартылған мамандар үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 9 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы  ынтымақтастық  туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойған болатын.

Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оны іске асыру халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.

Құжат ережелеріне сәйкес Қазақстан мен Моңғолия азаматтарына қоныс аудару кезінде қосымша мүмкіндік беріледі: екі елде жинақталған еңбек өтілі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ескерліп, есепке алынатын болады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
31 марта 2026
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасында әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 объектісі бейімделді.

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасында әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 объектісі бейімделді.

Бейімдеуге жататын объектілердің тізбесі Қолжетімділіктің интерактивті картасы негізінде қалыптастырылады. Карта – мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеуді қажет ететін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық платформа. Картаны толтыру жергілікті атқарушы органдармен объектілердің әлеуметтік маңыздылығын, азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ мониторинг және профилактикалық бақылау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Объектілерді Картаға енгізу олардың маңыздылығы мен сұранысына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының Жол картасы шеңберінде 2023–2027 жылдар аралығында Картаға енгізілген 40 мыңнан астам объектіні бейімдеу көзделген. Жыл сайын Картадағы объектілердің жалпы санының 20%-ы бейімделеді: 2023 жылы – 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.

2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 34 320 объектіні бейімдеу жоспарлануда. Бүгінгі күні 27 683 объектіде бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жалпы санының 65%-ын құрайды.

Бейімделген 27 683 объектінің ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді:

  • денсаулық сақтау объектілері – 4 570;
  • білім беру объектілері – 9 083;
  • мәдениет объектілері – 2 166;
  • сауда және қызмет көрсету объектілері – 5 314;
  • мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4 012;
  • өзге объектілер – 2 538.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша өңірлер бөлінісінде бейімделген объектілер саны:

  • Астана қаласы – 810 объект;
  • Алматы қаласы – 5 780 объект;
  • Шымкент қаласы – 1 401 объект;
  • Абай облысы – 872 объект;
  • Ақмола облысы – 1 265 объект;
  • Ақтөбе облысы – 898 объект;
  • Алматы облысы – 1 055 объект;
  • Атырау облысы – 1 438 объект;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 221 объект;
  • Жамбыл облысы – 1 084 объект;
  • Жетісу облысы – 954 объект;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 360 объект;
  • Қарағанды облысы – 1 281 объект;
  • Қостанай облысы – 1 367 объект;
  • Қызылорда облысы – 1 567 объект;
  • Маңғыстау облысы – 703 объект;
  • Павлодар облысы – 1 158 объект;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 038 объект;
  • Түркістан облысы – 2 286 объект;
  • Ұлытау облысы – 145 объект.

 

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
31 марта 2026
2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялаудың жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі — АӘҚ) көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді.

Лицензиялауды енгізу АӘҚ көрсету жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, оларды алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ұйымдар қызметінің бірыңғай стандарттарын енгізуге бағытталған.

Лицензиялық талаптар бірқатар міндетті шарттарды сақтауды көздейді, оның ішінде санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттардың болуы, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, білікті кадрлармен жасақтау, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік жағдайларын жасау.

2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша республикада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 622 ұйым лицензия алды.

Сонымен қатар, лицензиялауды практикалық іске асыру барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмеудің жекелеген жағдайлары анықталуда. Атап айтқанда, лицензия алуға өтінімдер беру кезінде медициналық лицензияның қажетті кіші түрлерінің болмауы, штаттық нормативтердің сақталмауы, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру актілерінің немесе аудит қорытындыларының болмауы, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне байланысты бұзушылықтар тіркелуде.

Алайда, аталған сәйкессіздіктер оларды жойғаннан кейін лицензия алу үшін қайта өтініш беруге кедергі болып табылмайды.

Комитет пен оның аумақтық департаменттері жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ ұйымдарға бару және өзге де байланыс арналары арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Министрлік тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдар мен АӘҚ көрсететін ұйымдардың қатысуымен онлайн-кеңестер өткізуде. Сондай-ақ өңірлерге жұмыс сапарлары жүзеге асырылып, олардың барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары пысықталуда.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
Медициналық-әлеуметтік сараптама
28 марта 2026
MӘС САПАСЫ – ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫ: АЙҚЫНДЫҚ ПЕН ОБЪЕКТІЛІЛІККЕ БАҒДАРЛАУ

Ағымдағы жылы 27 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғауды реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.Скубтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Отырысқа Денсаулық сақтау министрлігі, Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшылары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МСБ) қашықтан проактивті форматын әзірлеу және барлық деңгейдегі шешімдердің сапасын арттыру басты назарда.

Соңғы жылдары айтарлықтай прогреске қол жеткізілді: атап айтқанда, цифрлық шешімдер енгізілді; қашықтан проактивті бағалауға құқығы бар нозологиялық субъектілердің тізімі кеңейтілді; және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Өңірлердің рөліне ерекше назар аударылады, өйткені дәл осы жерде объективті шешім қабылдау үшін негіз қалыптасады.

Мына мәселелер талқыланды:

- Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жолдамалардың сапасы;

- сараптамаға негізсіз жіберу жағдайлары;

- медициналық мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы;

- денсаулық сақтау департаменттерінің бақылауы;

- арнайы тетікті өңірлерде қолдану алгоритмдерін сақтау;

Бірқатар өңірлерде заң бұзушылықтар мен жеткіліксіз қадағалау сақталып отырғаны, бұл түпкілікті шешімдерге тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Отырыс барысында Комитеттің облыстық департаменттерінің басшылары мен денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері түйткілді мәселелерді айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Өңірлік деңгейде жұмыс сапасын арттыру басты назарда болды.

Медициналық ұйымдардан бастап Комитеттің өңірлік департаменттеріне дейін барлық қатысушылардың үйлестірілген күш-жігерінің арқасында ғана мүгедектікті анықтауда әділдік пен объективтілікті қамтамасыз ете аламыз.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
31 октября 2025
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін сақтау бойынша мемлекеттік бақылау

2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменттерінің мамандарымен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеліп, сонымен бірге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы ҚР-ның Әлеуметтік кодексінің сақталуына 853 тексеру жүргізілді, оның ішінде: профилактикалық бақылау - 433; жоспардан тыс – 420.

Оның ішінде 525 тексеру қолжетімділік бойынша, АОЖБ-ға сәйкес оңалту шараларын орындау - 171 және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету - 216 тексеру (арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын жергілікті атқарушы органдар – 63, стационар және жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 61, үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 88, уақытша болу жағдайларында - 4).

Сонымен қатар, прокуратураның өңірлік өкілдіктерімен 230 тексеру жүргізілді, олар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелмеген (оның ішінде стационар және жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 6, үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер – 10, АОЖБ-ға сәйкес оңалту шараларын орындау - 7, қолжетімділік – 207).

Тексеру барысында 3 085 бұзушылықты анықтады, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасындағы бұзушылық – 2 541 (1 146 - мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындамау; 1 395 -мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына кіруін қамтамасыз етпеу);

- Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында – 544 бұзушылық.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 505 ұйғарым берілді, олар бойынша жалпы сомасы 68,6 млн.теңгеге 295 әкімшілік айыппұл салынды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты