Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың 2022 жылғы 22-30 маусым аралығында аудандар және Қызылорда қаласында халықпен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі Іс-қимыл жоспарының 2023 жылдың 1 тоқсанында орындалуы

Мәселелер тізбесі

Орындалу мерзімі

 

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

АРАЛ АУДАНЫ

1.            

«Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Арал қаласына көшіру мәселесі бойынша ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныс енгізу

2022 жылғы

18 шілде

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

2022 жылдың 29 қарашасында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Балық шаруашылығы ғылым-өндірістік орталығы» ЖШС филиалын Арал қаласына қайта көшіру туралы бейнекоференция байланыс ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді.

Аталған жиналысқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары (А. Бахиянов, А. Жұбаев), Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшының орынбасары (Ж. Сапаров), Балық шаруашылығы ғылым-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының директоры Т. Барақбаев және Арал ауданының тұрғындары (Ә. Аимбетов, З. Ермаханов) қатысты.

Жиналыс барысында Балық шаруашылығы комитеті өкілімен Арал ауданы тұрғындарына «Балық шаруашылығы өндірістік орталығының» Қызылорда қаласында орналасуы құзырлы органдармен тікелей жұмыс жасау қажеттілігіне және облыстың балық шаруашылығын дамытуына оң әсерін тигізетіні түсіндірілді.

2.            

Кіші Арал теңізінің балық аулау учаскесіндегі 20 қайыққа дейінгі белгіленген лимитті 40 қайыққа дейін арттыру мәселесі бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу

2022 жылғы
1 қараша

ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің «Арал-Сырдария» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы

(келісім бойынша),

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 

2022 жылдың 22 шілдесіндегі №06-10/2203 санды хатымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне «Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №298 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша жиналыс өткізу ұсынылды.

2022 жылдың 29 қарашасында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы М.Құрманбаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланыс «ZOOM» платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары (А.Бахиянов, А.Жұбаев), Арал-Сырдария облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары (Ж.Жапаров), «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Арал филиалының директоры (Т.Барақбаев) «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (С.Мырзағазиев) және Арал ауданы тұрғындары (Ә.Аимбетов, З.Ермаханов) қатысты. Жиналыс барысында Арал ауданы тұрғындарымен көтерілген Кәсіпшілік күш-жігер нормативтеріне өзгерістер енгізу оның ішінде қайықтар мен балықшылар санын ұлғайту мәселесі Комитет өкілімен талқыланып, Кіші Арал теңізінің табиғи балық популяциясын сақтап қалу мақсатында аталған Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері өзгеріссіз қалатындығы түсіндірілді.

3.            

Арал қаласынан аспалы теміржол өткелінің құрылысын салу мақсатында әзірленген ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алуға тиісті шараларды қабылдау

 

2022 жылғы
1 қазан

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу жобасының жалпы құны - 3 141,7 млн. теңге. Бас мердігері – «Ритм» ЖШС.

2023 жылға республикалық бюджеттен 1 413,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

4.            

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистральдан Бекбауыл елді мекеніне дейінгі аралықты асфальттауға әзірленген ЖСҚ қаржыландыру жолдарын қарастыру

 

2022 жылғы
1 қыркүйек

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 «Самара-Шымкент-Бекбауыл» автожолының 1,2-22,4 шақырым аралығына (жоба құны 1 573,8 млн. теңге) автожолының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

2023 жылға РБ-205,0 млн. теңге, ОБ-157,6 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Жобаның бас мердігері «СтройМодульАстана» ЖШС.

5.            

24 шақырым болатын Көктем елді мекеніне кіре-беріс автомобиль жолының құрылысына әзірленген ЖСҚ қаржыландыру жолдарын қарастыру

 

2022 жылғы
1 қыркүйек

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

24 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Көктем» автожолының (жоба құны 1 429,3 млн. теңге) құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Жобаны 2022,2023,2024 жылдары қаржыландыру мақсатында тиісті министрліктерге бюджеттік өтінім тапсырылды.

6.            

Арал ауданаралық ауруханасы жанынан күндізгі травматология көз аурулары бөлімшесінен бөлек, көз ауруларын емдейтін ауруханалық бөлімше ашу жұмыстарын жүргізу

 

2022 жылғы
1 қыркүйек

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Арал ауданаралық ауруханасында 23 төсектік орын травматология бөлімшесінің ішінен көз ауруларына 8 күндізгі төсек орын қарастырылған. Клиникалық хаттамадағы стандарттарға сәйкес көз ауруларының басым көпшілігі күндізгі стационарда ем қабылдайды. Ауруханадан көз бөлімшесін ашу экономикалық тұрғыдан, науқастардың емделетін санына (айына 25-28 адам) және медициналық көрсетілімге байланысты тиімсіз. Тәуліктік емді қажет ететін науқастар «Көп бейінді облыстық ауруханасындағы» көз аурулар бөлімшесінде ем қабылдай алады.

7.            

Көктем елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының ағымдағы жылы толық аяқталуын үйлестіру 

 

2022 жылғы
10 желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық экономика және қаржы басқармасы

2022 жылы ұлттық қордан 280,1 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жоба бойынша қаралған 28,6 шақырым су жүйесінің 28 шақырымы салынды. Жоба 2023 жылға өтпелі болып белгіленген.

2023 жылы облыстық бюджеттен                31,1 млн. теңге бөлінді. Жобаның құрылыс жұмыстары жалғасуда, аяқталуы мамыр айына жоспарланған.

8.            

Қызылорда қаласынан балық өнімдерін сататын сауда орталығының құрылысын салуға заңға сәйкес жер бөлу мәселесін үйлестіру

 

2022 жылғы
1 қыркүйек

Қызылорда қаласының әкімдігі

«Арал СДО» ЖШС-не Қызылорда қаласының сол жағалауынан балық сауда орталығы кешені құрылысы үшін көлемі 8500 шаршы метр жер телімі аукцион арқылы табысталып 08.11.2022 жылы келісім-шарт жасалды.

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

9.            

Сырдария өзенінің «Қарлан» учаскесіндегі салынып жатқан көпір құрылысының сапалы әрі мерзімінде жүруін қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының барысы туралы толық ақпаратты облыс әкімі аппаратына ұсыну

 

Әр жартыжылдық қорытындысымен

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Қазалы ауданы әкімдігі

Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей»автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпір өткелін салу жұмыстарының бас мердігері «СтандартОйлКзо» ЖШС-і.

Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2022 жылы басталып 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Құрылысты жалғастыру үшін 2023 жылы 1,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 600 млн. теңге Ұлттық қордан, 1 млрд. теңге облыстық бюджеттен.

10.        

2023 жылдың аяғына дейін Қазалы аудандық емханасына компьютерлік томография аппаратын алу жұмыстарын жүргізу

 

2023 жылғы
4 желтоқсан

Облыстық денсаулық сақтау  басқармасы

2023 жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін қалыптастыру кезінде Қазалы ауданаралық емханасына 1 дана компьютерлік томография аппаратын сатып алу жоспарлануда.

11.        

Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан алаңы жобасына жетіспейтін қаржыны облыстық бюджеттен бөлу бойынша шаралар қабылдау

 

2022 жылғы
15 қазан

Облыстық экономика және қаржы басқармасы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Қазалы ауданы әкімдігі

 

Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан алаңы жобасына 2022 жылы облыстық бюджеттен 119 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Нысан 2022 жылдың 15 желтоқсанында актімен пайдалануға қабылданды.

12.        

Аудан бойынша негізгі проблемалық мәселелердің пулын жасақтап, оларды шешу бойынша облыс әкімі жанындағы құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөніндегі кеңестің хаттамасы негізінде жоба әзірлеп, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыруға ұсыну

 

 

2022 жылғы
1 тамызға дейін

Қазалы ауданының әкімдігі,

Облыстық басқармалар

Қазалы ауданы бойынша 2022 жылы облыс әкімі жанындағы кеңес отырысына 27 жоба ұсынылып, нәтижесінде қаржыландырылатын жобалар тізіміне 17 инвестициялық жоба енгізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік бағдарламалар аясында 17 жобаның ішінде 7 жоба қаржыландырылды.

            Сонымен қатар, 2023 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландыру үшін жалпы құны 12,1 млрд. теңге құрайтын инвестициялық жобалар тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім ұсынылды.

            Бұдан бөлек, облыс әкімі жанындағы кеңес отырысында талқыланған жаңа 14 жобаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін қаржы мәселелесін шешу қарастырылған. Есепті кезеңде 14 жаңа жобаның ішінде 10 жобаның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ

13.        

Жосалы кентінің маңында құрылысы аяқталған лагерьді заңға сәйкес теңгерімге алу жұмыстарын жүргізу

2022 жылғы
1 тамыз

 

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

облыстық экономика және қаржы басқармасы,

 облыстық білім басқармасы

 

 

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 23.08.2022 жылғы №01-14-227 бұйрығымен "Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі" КММ өз теңгеріміне қабылдады.

 

14.        

Жосалы кентінің маңында құрылысы аяқталған лагерьді ұстап тұру шығындары және балалардың тынығуы мен дарынды балаларды дайындауға қажетті қаржыны есептеп, бөлу мәселесін қарастыру

 

2022 жылғы
14 қазан  

Облыстық экономика және қаржы басқармасы,

облыстық білім басқармасы

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дарынды балаларға арналған №284 мектеп-интернаттың ұстап тұру шығындарына 2022 жылы 27,3 млн. теңге, 2023 жылы 100 млн. теңге қаржы бөлінді.

15.        

Жосалы кентінің маңында құрылысы аяқталған лагерьді Балалар жылы аясында ашылуын ұйымдастырып, жыл бойы жұмыс жасауын қамтамасыз етсін

 

2022 жылғы
1 желтоқсан

Облыстық білім басқармасы

Жосалы кентінің маңында құрылысы аяқталған лагерь дарынды балаларға арналған №284 мектеп-интернат ретінде ашылды. 2023 жылы балаларды қабылдау күтілуде.

16.        

Жосалы кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір өткелі құрылысы мәселесін зерттеп, ұсыныс енгізу

 

2022 жылғы
1 тамыз 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Қармақшы ауданының әкімдігі

Қармақшы ауданының әкімдігі тарапынан Жосалы кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір өткелі құрылысына ТЭН әзірлеу үшін, 2023 жылы аудандық бюджеттен 9,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

17.        

Жергілікті бақша өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен сату бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2022 жылғы
1 қараша

Қармақшы ауданының әкімдігі

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия құрамы мүшелерімен  3 мобильді жұмысшы топ аптасына екі рет шағын маркеттер мен үй жанындағы сауда нысандарын аралап, негізссіз баға көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бағаға қатысты заң бұзушылықтарға тиісті жауапкершіліктер көзделгенгендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

18.        

Иіркөл және Жосалы ауылдық округтерін газдандыру бойынша мәселесін зерттеп, тиісті ұсыныс енгізу

2022 жылғы
1 тамыз 

Қармақшы ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Қармақшы ауданы әкімдігімен Дүр Оңғар ауылын газдандыру жобасы әзірленді. Аталған жобада Иіркөл және Жосалы ауылдық округтерін газдандыруға арнайы бұрып қаралған. Дүр Оңғар ауылын газдандыру жобасы басталғаннан кейін 2 ауылдық округтерін газдандыру жобалары әзірленетін болады.

Қармақшы аудан әкімдігі тарапынан Дүр Оңғар ауылын газдандыру жобасын 2023 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында  ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда жоба қолдау тапқан жоқ. 

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

19.        

Жалағаш кентіндегі емдеу мекемелеріне кәріз жүйесінің құрылысы жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсыну

 

2022 жылғы
1 қыркүйек  

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

Жалағаш кентіндегі емдеу мекемелеріне (100 төсек/орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесінің құрылысына жоба-сметалық құжаттар 2021 жылы облыстық бюджеттен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.  Жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолданды. Жоба құны - 1,2 млрд.теңге. Алайда қаржыландыру мәселесі қолдау тапқан жоқ (08.11.2022 жылғы №24-01-24/11454 шығыс хат).

20.        

Ақсу елді мекенін газдандырудың жоба-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін 2023 жылы қаржыландыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсыну

 

2022 жылғы
1 қыркүйек

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

 

Жалағаш аудан әкімдігі тарапынан Ақсу ауылын газдандыру жобасы әзірленіп, 2022 жылдың қазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім республикалық және облыстық бюджеттің 2023 жылғы нақтылануына қаржыландыруға ұсынылды.

2023 жылдың 7 сәуірінде өткен Облыстық бюджеттік комиссияның отырысында «Жалағаш ауданы Ақсу елді мекенін газдандыру» жобасын облыстық бюджеттен  бастауға 20 млн. теңге бөлу мәселесі қолдау тапты.

21.        

Ақсу елді мекеніндегі тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды ауыстыру мәселесін пысықтап, қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы
1 қыркүйек

Жалағаш ауданының әкімдігі,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы,

 

Ақсу елді мекеніндегі тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды ауыстыру бойынша жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылып, 2023 жылға 184,7 млн. теңге бөлінді.

22.        

Жалағаш кентінен әлеуметтік дүкен ашу бағытында жұмыстарды жүргізу

2022 жылғы
1 қазан

Жалағаш ауданының әкімдігі,

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ

(келісім бойынша)

 

Жалағаш кентіндегі  «Ақниет» дүкенінен әлеуметтік бұрыш ашу мақсатында кәсіпкер "Байқоңыр ӘКК" АҚ мен меморандумға отырған. Төмендетілген бағада әлеуметтік осал топтарға азық -түлік сатылуда. Қазіргі таңда "Ақниет-2" сауда дүкенінен әлеуметтік бұрыш ашылып жұмыс жасауда.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ

23.        

Айдарлы ауылындағы Ақтам каналының аяқ жағын теңгерімге алу және механикалық тазалау бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы
18 шілде

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

Сырдария ауданы әкімдігі

2020 жылы облыстық бюджет есебінен «Ақтам» каналының 4,3 шақырымы тазаланса, 2022 жылы 6,7 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілген.  

Сонымен бірге, 2022 жылдың                                2 шілдесінде «Қазсушар» РМК, «Табиғат» МКК, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдаланды реттеу басқармасы, Сырдария ауданы әкімдігімен бірлесіп, ауыл тұрғындарының қатысуымен Айдарлы ауылын суландыру мәселесі бойынша Ақтам каналының сағасына барып және каналға өзеннен жаңа саға алу мәселесі жан-жақты зерделеніп, түсіндірмелер берілді.

Нәтижесінде Айдарлы ауылдық округі әкімдігімен каналдың 7 шақырымына құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

24.        

Аманкелді - Айдарлы  бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

 

2022 жылғы
1 тамыз

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2023 жылы Сырдария ауданындағы облыстық маңызы бар Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай жолын (30 шақырым) орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 1 366,8 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

25.        

Аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі негізінде, жергілікті бюджет есебінен аудандық маңыздағы ең қажет деп танылған жолдарды кезең-кезеңімен жөндеуді қамтамасыз ету

 

 

тұрақты, тоқсанына бір рет ақпарат  ұсыну

Сырдария ауданы әкімдігі

2022 жылы ауданға автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, 23 жоба бойынша 15 жобасы аяқталып, 8 жобасы  2023 жылға өтпелі. 2022 жылы кент және ауылішілік жолдардың 20,8 шақырымы жөндеуден өтті.

Өтпелі 8 жоба бойынша 2023 жылға облыстық бюджет есебінен «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолының 12 шақырымын орташа жөндеуге, «Қызылорда-Жалағаш-Тереңөзек» аудандық маңызы бар автожолын орташа жөндеуге, Тереңөзек кентінің 21 көшесін орташа жөндеуге 206,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, жөндеу жұмыстары басталуда.

26.        

2023 жылғы бюджетті нақтылау барысында аудан орталықтарын көркейту және көгалдандыруға бөлінетін қаражат есебінен Тереңөзек кенті   А. Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласын абаттандыруды және                            Б. Момышұлы көшесін жарықтандыру мәселесін қарастыру

 

2022 жылғы
1 қазан

Сырдария ауданы әкімдігі

Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлер аула аумақтарын қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 178,1 млн теңгеге  Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2023 жылдың  4  қаңтарында №04-1/8 санды хатымен бюджеттік өтінім ұсынылды (РБ). 

Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті Б.Момышұлы көшесіне жарықтандыру мәселесі аудандық бюджетті нақтылау барысында қаралатын болады.

27.        

Демеушілер есебінен Тереңөзек кенті, Б. Момышұлы көшесі аумағынан бір ойын алаңын салуды қарастыру

 

2022 жылғы
1 тамыз

 

Сырдария ауданы әкімдігі

«Компания Бауыржан Құрылыс» демеушілігі есебінен Тереңөзек кенті Б.Момышұлы көшесіне ашық спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді.

 

28.        

Қоғалыкөл ауылын 2023 жылы электржелілік жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселесін пысықтап, тиісті шаралар қабылдау

 

2022 жылғы
1 желтоқсан

Сырдария ауданы әкімдігі

Қоғалыкөл ауылындағы электржелілік жүйесін жаңғырту жұмыстарына 2023 жылы республикалық бюджеттен 453 917,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 45 391,0 мың теңге бөлінді.

29.        

Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылдық округін газдандыру үшін қажетті қаржыны республикалық бюджеттен бөлу мәселесін пысықтап, ұсыныс жолдау

 

2022 жылғы
1 тамыз

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Сырдария аудан әкімдігі тарапынан С. Сейфуллин ауылын газдандыру жобасы әзірленіп, 2022 жылдың шілде айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік өтінім республикалық бюджеттің 2023 жылғы бірінші нақтылануына ұсынылды.

2023 жылдың 7 сәуірінде өткен Облыстық бюджеттік комиссияның отырысында «Сырдария ауданы Сейфуллин ауылын газдандыру» жобасын облыстық бюджеттен  бастауға 20 млн. теңге бөлу мәселесі қолдау тапты.

ШИЕЛІ АУДАНЫ

30.        

Телікөл ауылдық округіндегі күрделі жөндеу жүріп жатқан көпірдің астынан өтіп жатқан  «К-4» қашыртқысының суын азайту жөнінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, көпірді жыл аяғына дейін пайдалануға беруді қамтамасыз ету

 

Жыл соңына дейін

Шиелі ауданының әкімдігі,

«Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы

(келісім бойынша)

Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округіндегі «Шиелі-Жеміс Жидек» автомобиль жолының 14,0 шақырымында орналасқан көпірді күрделі жөндеуге 2021 жылы облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарына 10 млн. теңге, 2022 жылы 124,8 млн. теңге қаржы қаралды. Көпір пайдалануға берілді.

31.        

Алғабас елді мекеніне аяқ су келмеу мәселесін зерделеп, қажетті су көлемімен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

 

2022 жылғы
15 шілде

Шиелі ауданының әкімдігі,

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

2022 жылы «Ақниет-2» шаруа қожалығы өз қаражатымен Алғабас және Телікөл ауылдарының егістік жерлерін аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Р-12-6» шаруашылықаралық каналына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Осыған орай, вегетациялық кезеңде егістік пен ауыл ішіне келетін аяқ су кезек арқылы аяқсумен қамтамасыз етілді.

32.        

Ақтоған ауылдық округіндегі жер дауы мәселесінің шешілуін қамтамасыз ету

2022 жылғы
1 қазан

Шиелі ауданының әкімдігі,

облыстық ауылшаруашылық басқармасы

 

«Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол би ауылы, «Нұртай базы» өңіріндегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-657 болатын жалпы көлемі 225 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №494 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, «Жыланды» өңіріндегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-658 болатын жалпы көлемі
4 091 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №495 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, «Сәрсен базы» өңіріндегі жалпы көлемі 396 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №496 шарты, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Досбол би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі араларында жасалған Шиелі ауданы, Досбол ауылы, №1 мал азықтық ауыспалы егістіктегі кадастрлық нөмірі 10-154-039-420 санды, жалпы көлемі 432 гектарды құрайтын, жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға беру туралы 11.07.2007 жылғы №497 шарты заңсыз, жарамсыз деп танылып, күштері жойылды.

33.        

Ақын, жырау Асан қайғыға арналған мәдени
іс-шараларды өткізу туралы ұсыныс енгізу

2022 жылғы
15 шілде

Шиелі ауданының әкімдігі,

облыстық мәдениет және спорт басқармасы

 

Ақын, жырау Асан қайғының есімін насихаттау мақсатында  облыстық мәдениет және спорт басқармасы тарапынан іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2022 жылдың екінші жартысындаоблыс музейлерінде «Асан Қайғы. Өмірі мен шығармашылығы» атты онлайн лекция, «Дала данышпаны» атты жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылардың қатысуымен тарихи-танымдық кездесу, облыс кітапханаларында «Жерұйықты іздеген Асан қайғы» оқырмандар арасында талдау, ақпараттық сағаттар, танымдық шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап-ғылыми кітапханасында «Асан қайғы – дала данышпаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кемеңгер ойшылдың тарихи-философиялық пайымдаулары, Желмаясымен жер шолып, арман еткен Жерұйығы туралы асқақ толғауы зерттелген К.Толысбайдың «Асан Қайғының дүниетанымы»,  Асан қайғы философиясының басты бағыттары: адам өмірінің мəні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мəселелері  баяндалған әдебиеттер,  «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» және үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойлары туралы мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалар мен авторефераттар қойылды. «Қызықты деректер» жобасы бойынша республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші «Асан ата» кесенесі туралы әлеуметтік желіде материалдар жарияланды.

34.        

Шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру мәселесін шешу бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы
15 қазан

Облыстық мәдениет және спорт басқармасы,

Облыстық экономика және қаржы басқармасы

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бойынша «Артспорт» бағдарламасы іске асырылуда.

2022 жылға осы мақсатқа 2 млрд. 796,9 млн. теңге қаржы (спорттық тапсырысқа 934,0 млн. теңге және шығармашылық тапсырысқа 1 млрд. 862,9 млн. теңге) бөлініп, өнім берушілер алдындағы қарыздар толығымен өтелді.

Шығармашылық тапсырыс бойынша 60 өнім берушімен 40 жанрда 412 үйірме (бала саны – 10 628) жұмыс жасаса, спорттық тапсырыс бойынша 52 өнім берушімен спорттың 17 түрінен 205 секция (бала саны – 5 968) жұмысын жүргізуде.

35.        

Шиелі кенті бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелердің сапасына, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын бақылауға алу

 

Тұрақты

Шиелі ауданының әкімдігі

Шиелі Кенті бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кент ішілік жолдарының сапалылығы арнайы мамандардың бақылауында. Сонымен қатар санитарлық тазалық жұмыстары мен көркейту, көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ

36.        

Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден, Төменарық елді мекендерін 2023 жылы газдандыру үшін қаржы бөлу мәселесін ҚР Энергетика министрлігімен пысықтап, тиісті шаралар қабылдау

2022 жылғы
1 желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ жеткізу құбырларын салу және ауылішілік газ тарату құбырларын салу»  жұмыстарына 2023 жылға РБ – 1 000,0 млн. ОБ – 218,8 млн. теңге,

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Кейден елді мекенінің ауылішілік газ тарту желілері Жаңақорған ГРП 2-ден жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу» жұмыстарына 2023 жылға РБ – 343,4 млн. теңге, ОБ-38,0 млн. теңге;

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған АГТС-тен Жайылма елді мекеніне дейін жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу және елді мекені ауылішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салу» жұмыстарына 2023 жылға РБ-410,3 млн. теңге, ОБ-45,0 млн.теңге;

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған АГТС-тен Шалхия кенті мен Құттықожа елді мекеніне дейін жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу және елді мекені ауылішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салу» жұмыстарына 2023 жылға РБ-703,0 млн. теңге, ОБ-74,4 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, аталған жобалар бойынша мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

37.        

Талап - Сырдария топтық су жүйесінің бас су қоймасынан 5 ұңғыма қазу жұмыстарын қаржыландыруды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетімен  пысықтап, ұсыныс енгізу

2022 жылғы
1 қыркүйек

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Талап - Сырдария топтық су жүйесінің бас су қоймасынан 5 ұңғыма қазу жұмыстарына 2023 жылға республикалық бюджеттен 584 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда             тапсырыс беруші - Су ресурстары комитеті арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсымен анықталған «Таир» ЖШС-мен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

38.        

Жаңақорған кентінің электржелілік жүйесін жаңғырту жұмыстарын сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету

2022 жылғы
1 желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Жаңақорған кентінің электржелілерін қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін "Ауыл ел-бесігі" бағдарламасы аясында республикалық бюджет  есебінен 2022 жылға 898,8 млн. теңге қаралған (қалғаны 2023 ж.). Жобаның жалпы құны 3,4 млрд.теңге. Жоба 2023 жылға өтпелі. Жоба бойынша 2022 жылы 1 дана РП-10 кВ тарату қондырғысы және 23 дана қосалқы станцияны орнату, 50 шақырым жуық 10/0,4 кВ әуе желілерінің құрылысы жүргізілді. 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 1175,7 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

39.        

Жаңақорған ауданы Көктөбе ауылдық округінің тұсынан Сырдария өзенінде су тоспасын салу мәселесі бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігіне ұсыныс енгізу

2022 жылғы
28 шілде

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 

Соңғы жылдары орын алған су тапшылығы жағдайында, су деңгейін көтеретін су тоспасының болмауына байланысты, Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистралды каналының бойында орналасқан 30 мың гектар егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету жағдайы қиындай түсуде.

Осыған байланысты, Келінтөбе каналын суландыру үшін 2022 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 11,9 млн.теңге бөлініп, жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 16.02.2023 жылы (№19-0068/23) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы – 8 ай.

Жоба бойынша өзеннің жоғарғы ағысынан ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын айналма канал қазып, Келінтөбе магистралды каналына қосымша секундына 11-20  текше метр су беру көзделген.

Аталған Жобаның маңыздылығына байланысты, Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы мен Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізу жөнінде ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, 2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасы ұсынылады. Жобаның жалпы құны – 542,8 млн.теңгені құрайды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

40.        

Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округіндегі бос тұрған 2 қабатты бұрынғы  аурухана ғимаратын зерделеп, тиімді пайдалану бойынша ұсыныс енгізу

 

2022 жылғы
30 шілде

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,

Жалағаш ауданының әкімдігі

«Жалағаш аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Мәдениет ауылдық округіндегі,  Мәдениет ауылдық ауруханасының ғимараты типтік үлгіде  1989 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат көлемі 3059,17 шаршы метр және қосалқы бөлімдер (котельный, кір жуатын, туалет т.б.) 803,97 шаршы метр, барлығы  3863,14  шаршы метрді  құрайды.

Ғимараттың 603,1 шаршы метр көлемінде дәрігерлік амбулатория мен 15 төсек орынды күндізгі стационар орналасқан. Қазіргі уақытта ғимараттың қалған 2456,07 шаршы метр көлемі пайдаланылмай  бос тұр.

Мәдениет ауылында 1834 тұрғын бар. Аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Тәуліктік стационар ашуға тиімсіз. 

41.        

Облыстық патология-анатомиялық бюро коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мәйіттерге ақылы қызмет көрсету мәселесін зерделеп, нәтижесін баяндау

2022 жылғы
15 шілде

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,

Қызылорда облысының әділет департаменті

(келісім бойынша)

 

Сот медициналық сараптама орталығы тікелей орталық органға (Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы) тікелей бағынатын қазыналық мемлекеттік мекеме. Белгісіз жағдайларда қаза болғандардың мүрдесі құқық қорғау орындарының қаулысынсыз қабылданбайды және де барлық ақылы қызмет түрлері арнайы Әділет министрлігімен бекітілген бұйрыққа сай көрсетіледі (мүрдені сақтау, жуындыру, киіндіру, ішімдікке қатыстылығын анықтау тәрізді ақылы қызмет түрлері).

42.        

Мәдениет елді мекеніне Келменбет батырдың есімін беру мәселесін қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қарау

 

2022 жылғы
30 шілде

Жалағаш ауданының әкімдігі,

Қоғамдық даму басқармасы

Елді мекен атауларын (ауыл) өзгерту мәселесі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру да ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы отырысында мақұлданған әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынады.

Әдістемелік ұсынымдардың 3-бөлігінің 4-тармақшасында: «қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға, ауылдарға, ауылдық округтерге кісі есімдерін беруге жол бермеу» - деп көрсетілген. Осыған орай, Мәдениет ауылына Келменбет батырдың есімін беру мүмкіндігі жоқ.

43.        

3 желтоқсан – «Халықаралық мүгедектер күнін» атап өту бойынша ұсыныс енгізіп, заңдылықтарға сәйкес қаржысын жоспарласын

2022 жылғы
15 қазан

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

2022 жылы мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуге облыстық бюджеттен 12,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 26.07.2022 жылы шарт жасалды.

Шарт негізінде жоспарға сәйкес 2 желтоқсанда «3 желтоқсан - Мүгедектер күніне» орай мүгедектігі бар адамдар арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

44.        

Бәйтерек тұрғын ауданындағы 1-ші кіреберіс
(4 шақырым) және 2-ші кіреберіс (5 шақырым) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз ету.

2022 жылғы
30 тамыз

Қызылорда қаласының әкімдігі

Бәйтерек ықшам ауданына 1-ші және 2-ші кіре-беріс жолдарының орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

45.        

Бәйтерек тұрғын ауданына «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы бойынша мердігер мекеме арқылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру.

2022 жылғы
1 желтоқсан

Қызылорда қаласының әкімдігі

Бәйтерек тұрғын ауданына «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы бойынша 2022 жылы жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2023 жылы Ұлттық қордан 331,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 34,9 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

46.        

Қалаішілік қоғамдық көліктің ауқымын кеңейту мақсатында қолданыстағы заң аясында
150 дана үлкен сыйымдылықтағы автобус сатып алу шараларын жалғастыру.

2022 жылғы
30 қыркүйек

Қызылорда қаласының әкімдігі

Жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы соңғы үлгідегі 150 дана автобус сатып алынды (ОБ 956,0 млн.теңге, ҚБ 478,0 млн. теңге)

2023 жылы қосымша 150 дана үлкен сыйымдылықтағы автобус сатып алуға облыстық бюджеттен 1 434,0 млн. теңге бөлінді.

47.        

Қаланың орталық көшелерін және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін бұрғылау әдісі арқылы ұңғымалар орнату жұмыстарын жүргізсін және мерзімінде іске қосылуын қамтамасыз етсін

2022 жылғы
30 шілде

Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 458,5 млн. теңге, қалалық бюджеттен 29,0 млн теңге бөлініп, 33 дана ұңғыма бұрғыланды.

48.        

Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен қаланың шет аймақтағы тұрғын аудандарына 50 ойын алаңдарын салу бойынша тиісті шаралар қабылдау

2022 жылғы
1 қыркүйек

Қызылорда қаласының әкімдігі

2022 жыл «Балалар жылы» болып бекітілуіне байланысты, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласы аумағында 38 ойын алаңы іске қосылды.

49.        

Қаланың шет аймақтары мен тұрғын аудандарында өз бетінше салынған (самострой) электр желісі өтетін бағаналарды анықтап, оларды талапқа сай сәйкескендіруге ұсыныс берсін

 

2022 жылғы
15 шілде

Қызылорда қаласының әкімдігі, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Қызылорда қаласы әкімдігіне үстіміздегі жылы Республикалық бюджеттен 1260 млн.теңге қаржы бөлініп, қаланың шет аймағында, мөлтек аудандар мен бау бақшалар серіктестігінде 128 шақырым өз бетінше салынған (самострой) электр желісін талапқа сай сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. «Болашақ», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестіктерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 18,7 шақырым электржелілерімен қамтамасыз етілді.

50.        

Арал ауданындағы №69 орта мектептің техникалық жай-күйін зерделеп, облыста жаңадан салынатын ғимараттар тізбесіне енгізу немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу

2022 жылғы
1 тамыз

Облыстық білім басқармасы,

Арал ауданы әкімдігі

Арал ауданы, Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты 2004 жылы ауылдың батыс бөлігінен асарланып, ыңғайластырылған типте салынған.

Жобалық қуаты 60 орынға арналған ғимаратта 1-11 сыныптарда 120 бала және мектеп алды даярлық тобында 9 бала, барлығы 129 бала білім алуда.

Өз кезегінде,облыстық мәслихат хатшысы мен облыс әкімімен 2022 жылдың 20 шілдесінде құрылысын салуды қажет ететін білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарының Тізбесі бекітілген.

Аталған Тізбенің 1-қосымшасы Құрылысын салуды қажет ететін білім нысандарының «Бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептердің орнына жүргізілетін құрылыстарда» Арал ауданы бойынша «Арал ауданы Сапақ елді мекенінде 100 орындық №69 мектептің құрылысы» екінші кезекте.

Жоба сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары мен құрылыс жұмыстары осы Тізбеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Дата публикации
18 апреля 2023
Дата обновления
18 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Пресс-релизы
03 апреля 2026
Пресс-релиз проекта «О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2023 года № 21 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Кызылординской области»
Пресс-релизы
03 апреля 2026
Пресс-релиз проекта «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и нормы субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, по Кызылординской области на 2026 год»
Пресс-релизы
31 марта 2026
Пресс-релиз к отчету о реализации бюджетных программ (подпрограмм) на 2025-2027 года аппарата акима Кызылординской области

Социальные медиа

Telegram
Facebook
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК