|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. |
Ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға шығындарды өтеуге жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы |
Қызылорда облыстық мәслихатының |
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын |
2025 жылдың маусым айы |
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жазған ұсынысы негізінде бақылаудан алынды (Шығ. 08.01.2026 ж. № 11-08/03-464-34 п. 123, Кіріс 08.01.2026 ж. № Д-729,2 п. 123) |
|
2. |
Су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының |
2025 жылдың маусым айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі |
|
3. |
Өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қызылорда облыстық мәслихатының |
«Қызылорда облысының |
2025 жылдың шілде айы |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы |
|
4. |
Ауыз суды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін төлемақының мөлшерін бекіту туралы |
Қызылорда облыстық мәслихатының |
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ |
2025 жылдың шілде айы |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы № 209 шешімі |
|
5. |
Ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің құны субсидиялануға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ |
2025 жылдың шілде айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы |
|
6. |
Шаруашылықішілік ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының |
2025 жылдың шілде айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
|
7. |
Су қорғау аймақтары, белдеулер, олардың шекаралары және шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының |
2025 жылдың маусым айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
8. |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ |
2025 жылдың тамыз айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
9. |
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы |
Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі |
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы № 240 шешімі |
|
10. |
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы |
Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі |
«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қазіргі таңда, облыстық мәслихатының шешім жобасы әзірленуде |
|
11. |
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
ҚР Сауда және интеграция министрлігіне хат жолданды (14.04.2026 ж. № 04-3/2055-И). |
|
12. |
Халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтерін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
ҚР Сауда және интеграция министрлігіне хат жолданды (09.02.2026 ж. № 04-06/381 14.04.2026 ж. № 04-3/2055-И). |
|
13. |
Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасын бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
ҚР Энергетика министрлігіне хат жолданды 30.03.2026 ж. № 2282-Д/05-3/463). |
|
14. |
Бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту туралы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің қаулысы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қазіргі таңда, облыс әкімдігімен ұсыныс хат жобасы әзірленуде. |
|
15. |
Бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту туралы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің қаулысы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қазіргі таңда, облыс әкімдігімен ұсыныс хат жобасы әзірленуде. |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
16. |
«Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің қаулысы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 қаулысы
Қазалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 65 қаулысы
Жалағаш ауданы әкімдігінің
Сырдария ауданы әкімдігінің
Жаңақорған ауданы әкімдігінің
Қызылорда қаласы мен кейбір аудан әкімдіктерінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
17. |
«Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің қаулысы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қазіргі таңда, Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
18. |
«Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы кабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің қаулысы |
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 220 қаулысы
Қазалы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысы
Жалағаш ауданы әкімдігінің
Сырдария ауданы әкімдігінің
Шиелі ауданы әкімдігінің
Жаңақорған ауданы әкімдігінің
Қазіргі таңда, Қызылорда қаласы мен кейбір аудан әкімдіктерінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
|
19. |
Әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру мен ережесін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ |
2025 жылдың қыркүйек айы |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
|
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
20. |
«Лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы» облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» КММ |
2026 жылдың |
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
21. |
Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ |
2026 жылдың наурыз айы |
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
22. |
Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандарға бөлудің), сейсмикалық қауіп-қатердің, сел, көшкін, қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің әртүрлі ауқымды карталарын бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ |
2026 жылдың наурыз айы |
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
Р/с № |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
|
23. |
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін және мерзімдерін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерлерін бекіту туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» КММ |
2026 жылдың ақпан айы |
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
|
24. |
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органды құру туралы |
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы |
«Қызылорда облысының білім басқармасы» КММ |
2026 жылдың ақпан айы |
Қазіргі таңда, Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленуде |
«Қызылорда облысы бойынша 2026 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НПА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Сіздерден аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15815587
Құру күні: 27.04.2026 жыл
Қоғамдық талқылау мерзімі 15.05.2026 жыл.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қызылордада алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері басқосты
2026 жылғы 23 сәуірде «Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында ашық пікір алмасу форматында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері сайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараға 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Қызылорда облысының сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Нұрлан Әбдіров өз сөзінде сайлау үдерісін ұйымдастырудың негізгі элементтерін атап өтіп, еліміздің сайлау органдарының қызметі, ОСК жанындағы диалог алаңдары және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру сұрақтарына ерекше назар аударылды.
Республикалық референдумның қорытындылары мен жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне айрықша мән берілді. Кездесу барысында Жас сайлаушылар клубтары мен аумақтық сайлау комиссияларының жас сайлаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысындағы рөліне де ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Қатысушылар сайлауды ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибе, сайлау үдерісін цифрландыру, сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау мәселелерін көтерді.
Мәселен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жұбаныш Нұртілеу сайлауды ұйымдастыру бойынша АҚШ пен Корея тәжірибесіне қызығушылық танытты. Осы оқу орнының студенттері Айғаным Қалиева - дауыс беру мәселелері туралы, Маханбет Пірмағанбетов - жас сайлаушылармен өзара іс-қимыл жөнінде, Рамазан Құдайбергенов - электоралдық дауларды шешудегі сайлау бойынша соттардың шетелдік тәжірибесі туралы сұрақтар қойды.
Өз кезегінде Қарағанды облысынан Жас сайлаушылар клубының мүшесі Асылай Қонысова сайлау үдерісін цифрландыру мәселесін көтерді. Ал Батыс Қазақстан облысынан Эльмира Тұрғалиева барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары құрамына жастардың қатысуын кеңейтуді ұсынса, осы өңірден Лиас Мейірхан - сайлау үдерісінде волонтерлік қызметті пайдалануды ұсынды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар электоралдық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын қамтитын онлайн-сауалнамаға белсенді қатысты.
Сауалнама нәтижелері:
83,7% респондент Президенттікке кандидаттар үшін мемлекеттік қызмет тәжірибесінің болуын қолдайды;
47,2% дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы дауыс беруді жөн көреді;
28,6% сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар дауыс беруге қатыспауы тиіс деп санайды;
29,8% сотталғандардың сайлау құқықтарын шектеуді қолдайды;
72,4% сайлау туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы алады.
Іс-шара аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов пен Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар Ортсайлауком Төрағасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Жас сайлаушылар клубының кабинетінде болды. Университет өкілдерінің мәліметінше, арнайы жабдықталған аудиторияда студенттер «Сайлау құқығы» пәнін меңгеріп, сайлау комиссияларының өкілдерімен қонақ дәрістері мен практикалық кездесулерге қатысады.
Кездесудің белсенді қатысушыларына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен әзірленген электоралдық тақырыптағы басылымдардың даналары табысталды. Аталған басылымдардың даналары университеттің кітапхана қорына да берілді.
Осы күні форум қатысушылары Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының аумақтық сайлау комиссияларының толыққанды қызметін қамтамасыз етуге арналған жаңартылған ғимаратпен танысты.
Мұнда болашақ сайлаушылардың жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, онда мектеп президентін сайлау үлгілері, сондай-ақ электоралдық тақырыптағы 3D-графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылды.
Сонымен қатар «Daryn AI» онлайн-ассистенті таныстырылды - бұл сайлау учаскесін іздеуге арналған қосымшаға біріктірілген сервис. Ол сайлаушылардың негізгі сұрақтарына мәтіндік және аудио форматта жауап береді. Сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде пайдаланылған онлайн-сервистер көрсетілді.
Бұдан бөлек, «Электоралдық науқандардың өзекті мәселелері: тәжірибеге талдау және бағдарламалық міндеттер» тақырыбында республикалық көшпелі семинар өтті. Семинар барысында электоралдық науқандардың негізгі аспектілері талқыланып, практикалық талдаулар жүргізілді және республикалық референдумды өткізуге қатысқан қатысушылар марапатталлды.




ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстанның жас сайлаушылар клубтары электоралдық мәдениетті жоғарылату бойынша өздерінің жобаларын алғаш рет таныстырды
«Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында алғаш рет Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының (ЖСК) мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында клубтардың мүшелері электоралдық мәдениетті жоғарылату бағытындағы жобаларын таныстырды.
Кездесудің негізгі мақсаты сайлау комиссиялары мен жастар арасында тұрақты тікелей диалог орнату болды. Іс-шара барысында Клуб мүшелері жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды және электоралдық мәдениетті қалыптастыру, жас қазақстандықтарды сайлау процестеріне тарту жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараны өткізу бастамасы клуб қозғалысының қатысушыларының өздерінен шыққан. Солардың қатарында Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Жас сайлаушылар клубының мүшесі Мейірман Меңдібай да бар.
Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтарының 60 мүшесі, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Кездесуді ашқан ОСК Төрағасы клубтық қозғалыстың электоралдық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі институттық рөлін атап өтті: «Жыл сайын Қазақстанда 300 мыңнан астам азамат алғаш рет дауыс беру құқығына ие болады. Біздің міндетіміз – бұл үдерісті олар үшін түсінікті әрі қолжетімді ету, сол үшін олармен жұмысты алдын ала бастау. Жастармен тікелей әрі мазмұнды диалог орнату маңызды – дәл осы тәсіл жауапты әрі саналы қатысуды қалыптастырады», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Қатысушылар арасында өз өңірлерінде іске асырылып жатқан электоралдық саладағы қолданбалы шешімдер мен бастамаларды таныстырған клуб мүшелерінің баяндамалары да үлкен қызығушылық тудырды.
Аталған кездесуді өткізу туралы ұсыныстың бастамашысы, Қызылорда облысының жас белсендісі Мейірман Меңдібай өңірдегі ЖСК жұмысын таныстырып, жас сайлаушылар арасындағы стартап әзірлеушілерге арналған сыйлық тағайындау идеясын көтерді.
Алматы қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі Бауыржан Маханбет жастарды ақпараттандыруға арналған инновациялық құралдардың кешенін ұсынды: ағартушылық комикстер мен Telegram-боттан бастап, мектеп және студенттік сайлау модельдерін енгізу, білім беру форматтарын дамыту және депутаттық корпуспен өзара іс-қимылға дейінгі бастамаларды қамтыды.
Орал қаласының Жас сайлаушылар клубының төрағасы Сабыржан Лиас студенттік ректор сайлауын ұйымдастыру тәжірибесін таныстырды. Ол жас сайлаушыларға арналған ақпараттық модуль әзірлеу және республикалық пікірсайыс турнирін өткізу бастамасын ұсынды.
Павлодар облысының Жас сайлаушылар клубының мүшесі Айша Таласова мектеп оқушыларына арналған «Сайлау қалай өтеді: ішкі көзқарас» атты авторлық жобасын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында клубтар қызметін дамыту және жастар бастамалары көшбасшыларын даярлау тәжірибесін таныстырды.
Астана қаласы клубының мүшесі Азат Тенгебаев жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігін арттыру, олардың референдумға практикалық қатысуы мәселелерін көтерді. Жас белсенді жасанды интеллектті қалай қолданатынын айтып өтті: чат-боттар, сондай-ақ Астана тәжірибесі негізінде мультфильмдер мен қысқа роликтердің сайлау үдерістерін қарапайым тілмен түсіндіруге көмектесетінін атады. Елордалық жастардың жоспарында - фейктерге қарсы «Цифрлық қалқан» жобасын іске қосу, сондай-ақ қатысқаны және дұрыс жауаптары үшін ынталандыру берілетін цифрлық квест әзірлеу бар.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттері Нұрбол Оңалбеков және Нұрбек Әбілдаев кибералаяқтыққа қарсы бағытталған және жалған ресурстарды анықтауға мүмкіндік беретін Qalqan AI жобасын таныстырды.
Қатысушылардың жекелеген бастамалары клуб қозғалысын одан әрі институционалдық дамытуға бағытталды. Мәселен, Талдықорған қаласындағы Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің студенті Санжар Сағатбек форумды жыл сайын өткізу туралы ұсыныс білдірді. Өз кезегінде Ақмола облысынан келген Лиза Есенбол сайлау туралы арнайы онлайн-платформа құру бастамасын көтерді, Жамбыл облысынан келген Айбек Қадралиев ЖСК мүшелері үшін форумдар мен лагерьлер ұйымдастыру қажеттігін айтты, ал оның әріптесі Дархан Байпақ аудандық клубтарды белсендірек тарту және ең белсенді қатысушыларды жыл сайын марапаттау жүйесін енгізу жөнінде пікір білдірді. Қарағандылық Асылай Қонысова клубтардың қызметін үйлестіру мақсатында республикалық ЖСК төрағасын сайлауды ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы клубтардың белсенді қызметін атап өтіп, Алматы қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі, «Болашақтан дауыс» комикстер сериясының теңавторы Руслан Муржановқа, сондай-ақ Қызылорда облысындағы 9-сынып оқушысы, жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып комикстер сериясын әзірлеген және өңір мектеп оқушылары арасында кең қызығушылық тудырған Аяжан Мөңкебайға алғыс хат табыстады.
Кездесу қорытындысы бойынша Жас сайлаушылар клубтарының қызметі жекелеген бастамалар шеңберінен шығып, тұрақты жүйелі сипат алып келе жатқаны атап өтілді. Клубтар тек қатысуды арттыру тетігі ғана емес, сонымен қатар сайлау процесін сапалы түсінуді қамтамасыз ететін, құқықтық мәдениетті дамытуға және жастардың өз сайлау құқықтарын жүзеге асыруға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды платформа ретінде қалыптасып отыр.
Анықтама ретінде: бүгінгі таңда Жас сайлаушылар клубтары еліміздің барлық өңірлеріндегі 248 клубта 3 мыңнан астам қатысушыны біріктіріп, Қазақстан Республикасында электоралдық мәдениетті қалыптастыру жүйесіне интеграцияланған, қарқынды дамып келе жатқан қауымдастықты білдіреді.
Осы күні форум аясында өңірлік аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізіліп, оның барысында сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелері талқыланды.






2026 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп
Smart City жобаларын іске асыру
Аймақты цифрландыру «Смарт-қалаларды» және «Смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемесі аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №141/НҚ бұйрығы). Қызылорда облысының 2026-2030 жылдарға арналған «ақылды» қалаларды құру стратегиясы (28.11.2025 жылғы № 07/3-1/6383-и) бекітілді.
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 22 323 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 9697-ы Жедел басқару орталығына қосылған.
Жедел басқару орталығына қарасты 272 дана бейнебақылау камералары, оған қоса жаңадан 1400 бейнебақылау камерасы, 20 дана «Аркан», 1 дана «Мираж», 20 дана «Ekin Box Spotter», 76 дана «Ekin X Spotter» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 10 дана «SUNQAR» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 80 дана «Зияткерлік қиылыс», 23 дана «Ekin Patrol G2» (11 данасы пилоттық режимде) және 2 дана «Ekin X Spotter» (1 данасы пилоттық режимде) құрылғысы жұмыс істейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық 7 аудан және Байқоңыр аумағына 616 бейнебақылау камералары, 54 жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, жедел басқару орталықтары қайта жаңғыртылды. Жоба аясында «ЖБО 2.0» бағдарламасы қала және аудандық полиция бөлімшелерінде орнатылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласында барлығы 181 594 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, ЖБО-да орнатылған бейнебақылау камералары және автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 103 238 құқық бұзушылықтар (бейнебақылау камераларымен – 29 767, жылдамдық өлшегіш құрылғыларымен – 73 471), жол қауіпсіздігі бойынша 78 356 құқық бұзушылықтар және 58 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды.
Қала бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдары атап айтқанда 47 мектептің 100% бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймесі және турникетпен қамтылған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының №69 бұйрығына сәйкес келеді.
Қалалық білім бөліміне қарасты 47 мектепте 3241 камера орналасқан және де Жедел басқару орталығына интернет арқылы 100% қосылған.
Сонымен қатар, Террористік тұрғыдан осал өрт қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген цифрландыру және барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін бірыңғай мониторинг жүйесін құру шеңберінде өрт ошақтарының алдын алу және ерте анықтау мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мониторларына ақпарат жіберу мүмкіндігімен биік ғимараттар мен құрылыстарға бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қызылорда қаласы және аудандардың өрт сөндіру бөлімдеріне 31 метрлік мачталық құрылғылардың 8 бірлігі орнатылды.
Қызылорда қаласында цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұстап қалу жүйелерімен қамтамасыз ету құрылғысы орнатылды. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ету «112 – құтқару қызметі» SМS-тарауы және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Қызылорда облысының аумағында бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай туындаған немесе қауіп төнген кезде халықты хабардар ету жүйесінің 233 бірлігі бар. Облыс аумағында 15 ретранслятор, 15 радиодиспетчер, 8 басқару пульті және 177 дабылдық-сөйлеу құрылғысы орнатылды. Cонымен қатар, 56 бірлік құлақтандыру жүйесі локальді құлақтандыру жүйесіне қосылған С-40 және С-28 маркалы электр сирена құлақтандыру құралғылары жұмыс істейді.
Әлеуметтік салада:
Қазіргі таңда, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған. Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша әр түрлі платформалар (Egov.kz, Damu.Med) арқылы пациенттердің дәрігер қабылдауына жазылуы бойынша жалпы қабылдауға жазылғандар саны – 2 446 463, оны ішінде электронды жазылғаны – 2 105 984 жазба.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Науқастарды ерте диагностикалау, жедел емдеу тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында өңіріміздің медициналық ұйымдарына «Жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға радиологиялық зерттеудің орталықтандыру технологиясын» енгізу жобасы тестілеу режимінде іске қосылды. Аталған жобаға PACS жүйесі енгізіліп, x-Eye Mammo, Toraks, Ribout Pneumonia секілді жасанды интеллект шешімдері қолданылуда. Бұл технологиялар медициналық кескіндерді жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС-нің жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласында 323 қалаішілік қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары 100% орнатылған. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне 32 бағыт (25 қалаішілік және 7 қала маңы маршруттары) қосылған. Бүгінде, дифференциалды тариф жүйесі енгізіліп онлайн төлемдерді ынталандыру шаралары жүргізілді. Яғни, қолма-қол төлем 130 теңге болса, ал онлайн төлем 85 теңгені құрайды.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 99,1% қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 7 700 777 данасынан 7 632 414 данасы электрондық төлем жүйесі арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы барлық қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «System.Buspark» - Gps/Глонасс мониторинг жүйесі бар. Жүйеге 323 қала ішіндегі қоғамдық көлік толығымен қосылған (100%). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады. Спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «System.Buspark» Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылды. 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін, 3294 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1522 өтінім, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1221 өтінім, 2026 жылдың I тоқсанында 223 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандарында коммуналдық және өзге де қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта «Алсеко» АҚ бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметтерін ұсынуға 5 жеткізушімен келісім-шарттар жасалды (ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» КМК, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, ШЖҚ «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС).
Экология саласында:
«Жасыл кеңістіктердің сандық есебі» жобасы аясында «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шарт жасалып, Қызылорда қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру, абаттандыру және күтіп-ұстау жүргізілуде.
Жоба аясында, 2025 жылдың қазан айынан бастап қаланың көгалдандыруына, ағаштарды күтіп-ұстауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Zhasyl Qyzylorda» (https://zhasylkyz.kz) Қызылорда қаласының жасыл желектер тізілімінің ресми сайты жұмыс жасауда.
Тұрмыстық қатты қалдықтар саласын цифрландыру жобасы бойынша
2026 жылдың 11 наурызында «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ КМК және «Shalkar Innovation» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды цифрландыру және ұйымның ішкі бизнес-процесін автоматтандыру мақсатында «Waste Managment» платформасын енгізу туралы шарт жасалып, жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау барысында қызмет сапасын арттыру, қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесін жетілдіру бағытында қажетті шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ-мен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мүмкіндігі кезең-кезеңімен енгізілуде.
Қаланы басқару саласында:
«Өңірлік геоақпараттық жүйе»
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық (682 қабат) контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контурда 229 қабат қолжетімді.
Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді. Қазіргі уақытта, жол бетінің жай-күйі, орындалған жөндеу жұмыстары және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы деректер функционалдары қамтылған.
«109 – Біріңғай байланыс орталығы»
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») жұмыс істейді.
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша барлығы 58 573 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 12 117, кеңес беру – 11 202, шағым – 900, ұсыныс – 7, алғыс - 126, ақпаратқа сұрау салу – 34 221.
Барлығы 58 573 өтінім:
* телефон арқылы – (58 254/99,4%);
* әлеуметтік желілер арқылы – (319/0,5%).
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 650 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, орталық тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі»
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 112 және 102 желісі бойынша шұғыл келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша «112-Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 58 865 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 281, құқық қорғау сипаты бойынша (102) – 12 069, жедел жәрдем қызметі бойынша (103) - 447, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 273, басқа да хабарламалар (к.42, к.43, к.44) – 45 795 хабарлама келіп түсті.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жіберіліп, уақтылы орындалды.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы»
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 85-сервис қолжетімді.
Инновациялық экожүйе саласында
2023 жылғы 17 сәуірден бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Аталған ынтымақтастық аясында Қызылорда облысында Astana Hub тәжірибесін тарату мақсатында өңірлік хаб ретінде «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы ашылды.
Инновациялық IT-жобаларды дамыту мақсатында жыл сайын Smart City Kyzylorda «Hackathon» және Innofest Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өткізіледі.
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылықты арттыру және IT-экожүйені дамыту аясында 33 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1147 адам қатысты. Атап айтқанда, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары, 3D модельдеу бойынша воркшоптар, әйелдерге арналған Tech Qyzdar білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Digital Qazaqstan Battle форматында стартап-жобалар конкурстары өткізілді.
Сонымен қатар, Kyzylorda Hub ғимаратындағы GameDev Center орталығында қатысушылар бейнеойын әзірлеуді тегін меңгеруде. Үздік түлектер өз жобаларын дамыту үшін продакшн-қолдауға ие болады. Сонымен бірге келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
- AI Bootcamp — оқытушыларды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге оқыту: жоспарлауды автоматтандыру, оқу жоспарлары мен конспектілерді ЖИ көмегімен құру (30 қатысушы);
- ЖИ бойынша мастер-класс — мектеп оқушыларына арналған практикалық сабақ (20 қатысушы);
- NO CODE — бағдарламалаусыз прототиптер әзірлеуді оқыту (9 қатысушы);
- Startup Bootcamp — идеядан алғашқы стартапқа дейінгі практикалық воркшоп (12 қатысушы);
- Генеративті ЖИ курсы — жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану (13 қатысушы);
- Tech Qyzdar — әйелдер IT-қоғамдастығының кездесуі (5 қатысушы);
- AI Movie Lab — жасанды интеллект көмегімен анимациялық контент жасау (26 қатысушы);
- 3D-дизайн және архитектура — интерьер жасау бойынша екі күндік курс (17 қатысушы);
- Digital Qazaqstan Battle жартылай финалы (22 қатысушы);
- Digital Nauryz: Bauyrsaq Pitch — үздік стартаптардың таныстырылымы (41 қатысушы).
Астана қаласында өткен «Digital Qazaqstan» халықаралық IT-форумы аясындағы «AI-Sana» сессиясында Қызылорда облысының өкілдері Нұрбол Оналбеков пен Нұрбек Әбілдаев «PhishGuard» жобасын таныстырды. «PhishGuard» - пайдаланушыларды фишингтік шабуылдар мен алаяқтық әрекеттерден қорғауға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық шешім. Жоба тиімді киберқауіпсіздік құралы ретінде жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында өткен «Digital Qazaqstan Battle» ұлттық стартап-батлының финалында «Kyzylorda Hub» IT-орталығының резиденті «CortexAI» инновациялық жобасы үздіктер қатарына еніп, II орынды иеленді. Қазылар алқасының шешімімен стартапқа 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Бұл жетістік жобаның жоғары технологиялық әлеуетін, нарықтағы сұранысын және өңірлік стартап-экожүйенің қарқынды дамуын айқындайды.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының IT-паркінде 9 резидент тіркелген: «Grand Master», «Smartgeneration», «Kazrobotics», «RedOrda», «Safe Cyberspace», «Flyorda», «MetaSchool», «Vertex», «KeyHorse».
2026 жылдың басынан бастап «Grand Master» бағдарламалау мектебі 13 MeetUp іс-шарасын өткізді. Сонымен қатар, оқушыларға IT саласында кәсіби бағдар беру мақсатында RoadShow іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Іс-шараларды өткізу
Қызылорда облысында Цифрландыру жылын өткізу бойынша 50 тармақтан тұратын өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. 2026 жылдың I тоқсанында жоспарланған 14 іс-шара толық өткізілді.
«Digital Nauryz» аясында өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда IT-хабының қатысуымен 20-дан астам IT-іс-шара өтті. Қатысушылар қазақтың бай дәстүрлерін, робототехника саласындағы жетістіктерін, интерактивті танымдық сайттар мен арнайы ойындарды әзірлеу арқылы стартап-жобаларын таныстырды. «Қайсар Арена» стадионында цифрлық киіз үй орнатылып, өңірдің цифрлық шешімдері ұсынылды.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «DIGITAL NAURYZ» іс-шаралары аясында Қызылорда облысында 20-ға жуық түрлі іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында Ұлттық мәдениет күніне арналған IT-фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 55 жас қатысып, олар қазақтың бай дәстүрлерін заманауи форматта таныстыратын интерактивті сайттар мен арнайы ойындар әзірледі. Бұл бастама бағдарламалау мен ұлттық мұраны ұштастырудың жарқын үлгісі болды.
Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасы, Ақпараттық технологиялар орталығы және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бірлесуімен Қызылорда қаласының тарихи-өлкетану музейінде «Музейлердегі цифрлық инсталляциялар презентациясы» атты іс-шара өтті. Оған шамамен 50 студент пен оқушы қатысты.
«Сыр Жұлдыздары» шығармашылық орталығында заманауи технологияларды насихаттауға бағытталған дрондармен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Шамамен 20 қатысушы кедергілерден өту, дәлдік және жылдамдық бойынша жарыса отырып, дрондарды басқару дағдыларын көрсетті. Бұл жарыс жастардың цифрлық технологияларға қызығушылығын арттырып, олардың инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал етті.
«Қайсар Арена» стадионында цифрлық киіз үй орнатылып, онда өңірдің цифрлық шешімдері таныстырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары дрондар көрмесін тамашалап, олардың мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ робототехника саласындағы жетістіктерді көріп, интерактивті алаңдарда жаңа технологияларды сынап көру мүмкіндігіне ие болды.
Мерекелік іс-шараларға мыңдаған адам қатысып, ұлттық рух пен заманауи технологиялардың үйлесімін сезінді.
Жалпы алғанда, «DIGITAL NAURYZ» аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына цифрлық технологиялармен кеңінен танысуға тамаша мүмкіндік берді.
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша 2026 жылғы I тоқсанға арналған
ақпарат
2026 жылдың І тоқсанында ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жедел әрекет етуге арналған MISP веб-платформасында 379 инцидент тіркелді. Олардың барлығы белгіленген мерзімде жедел қаралып, жойылды.
Мемлекеттік органдар бөлінісі бойынша инциденттердің үлесі:
• Білім беру ұйымдары – 202 (53,3%);
• Қала және аудан әкімдіктері және оларға қарасты бөлімдер – 67 (17,7%);
• Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдар – 6 (1,6%);
• Басқармаларға қарасты мекемелер – 9 (2,4%);
• Ақпараттық қауіпсіздік қатерлері, зиянды белсенділік – 95 (25%).
Қызметкерлердің киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттілігі мен хабардарлығын арттыру мақсатында 2026 жылдың 1-тоқсанында citizensec.kz және nomadguard.kz порталдары арқылы барлығы 1268 (1015 – аудан/қала әкімдіктері, 253 – облыстық басқармалар) мемлекеттік қызметші кибергигиена негіздері бойынша оқудан өтті.
Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен атқарылған жұмыстар
Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 195 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2026 жылдың 1-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 1 156 780 қызмет көрсетілді, о.і.:
3 060 қызмет (0,3%) - мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз түрінде;
4 347 қызмет (0,4 %) – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
1 149 373 қызмет (99,3 %) - «Электрондық үкімет» веб-порталы мен ақпараттық жүйелер арқылы электронды түрде көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік бақылау жоспарларына сәйкес 24 мемлекеттік қызмет беруші объекті тексеріліп, нәтижесімен 2 заң бұзушылық фактісі анықталды (2025 ж. 1-тоқсанында 34 объект тексеріліп, 99 заң бұзушылық анықталған).
Жауапты қызметті беруші 1 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ай-сайынғы ұсынған ХҚКО ЫАЖ жүктемесіне сәйкес (2025 ж. желтоқсан айы мен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айлары) 142 өтінім зерделеніп, нәтижесімен
3 мерзім бұзушылық фактісі анықталды.
Жауапты қызметті беруші 2 тұлға әкімшілік айыппұл төлеу туралы жауаптылыққа тартылса, 1 тұлға «Ескерту» тәртіптік жазасын алды.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру және қызметті беруші мекемелерге мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен қызмет көрсетудің бизнес-процестері бойынша түсіндірме семинарларын ұйымдастыру мақсатында 3 іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Орындалуы бақылауда.
Облыс тұрғындарына «ЕГКН» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы қызметтердің тұрақты әрі кедергісіз көрсетілуін қалыптастыру мақсатында аталған жүйеге табиғи монополиялар субъектілерін қосу жұмыстары жүргізілді (қосылу жұмыстары толық аяқталды).
2025 жылы орын алған заң бұзушылықтарды ескере отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заң бұзушылық фактілерін одан әрі болдырмау мақсатында облыстық білім басқармасына барлық қызметтердің көрсету сапасын қатаң бақылау бойынша хат жолданды (03.04.2026 ж. №05-9/41 хатымен).
«Жасырын» қызметтерді анықтау жұмыстарының нәтижесінде жер қатынастары саласындағы көрсетілетін «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау» «жасырын» қызметі анықталып, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар министрлігіне және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жолданды (17.03.2026 ж. №18-7/25 хатымен).
Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің кедергісіз көрсетілуін қалыптастыру мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне тиісті қызметті беруші мекемені енгізу туралы ұсыныс жолданды (13.03.2026 ж. № 05-7/23 хатымен).
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетудегі туындаған мәселелер бойынша (мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестеріне, орын алған техникалық ақауларға) қызмет беруші мекемелердің жауапты қызметкерлеріне күнделікті «WhatsApp» қосымшасындағы құрылған жұмысшы чаттарда консультациялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша байланыс және интернетпен қамтамасыз ету
Қызылорда облысында барлығы 223 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар, оның ішінде: халық саны 250 адамнан асатын 170 елді мекен, 250 адамнан аз 53 елді мекен.
Мобильді интернетпен 208 АЕМ қамтамасыз етілген (оның ішінде 170 елді мекенде халық саны 250 адамнан жоғары, 38 елді мекенде 250 адамнан төмен). Байланыс желілері бойынша: 2G – 7 АЕМ, 3G – 66 АЕМ, 4G – 135 АЕМ қамтылған.
Облыс бойынша 2024 жылы анықталған 12 «ақ дақ» (АҚ «Кселл» – 1, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 6, «Кар-Тел» ЖШС – 5) және 2025 жылдың II тоқсанында анықталған 10 «ақ дақ» (АҚ «Кселл» – 8, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 1, «Кар-Тел» ЖШС – 1) толықтай жойылды. 2025 жылдың IV тоқсанында анықталған 8 «ақ дақтың» (АҚ «Кселл» – 1, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 2, «Кар-Тел» ЖШС – 5) ішінде қазіргі таңда 2 локацияда («Кар-Тел» ЖШС) интернет сапасы жақсартылды.
2026 жылғы 12 ақпанда Қызылорда облысының әкімдігі байланыс және интернетті дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында АҚ «Қазақтелеком» 2026–2027 жылдары 65 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы «Қызылорда–Жезқазған» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолдары бойында 9 антенна-діңгек құрылыстарын (АДҚ) салу жоспарлануда. Барлық 9 АДҚ орналастыру координаттары бойынша жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама, бағалау және жер учаскелерін рәсімдеу толық аяқталған.
Қазіргі уақытта инженерлік желілерге (талшықты-оптикалық байланыс желісі және электрмен жабдықтау) арналған жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысандар бойынша құжаттарды толық рәсімдеу аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен аукцион өткізу жоспарлануда. Аукцион қорытындысы бойынша жоба инвесторы – АҚ «Транстелеком» жобалық-сметалық құжаттаманы сатып алып, одан әрі құрылыс-монтаж жұмыстары мен антенна-діңгек құрылыстарын салу кезеңіне көшу жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 250,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 101,7 пайыз.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 95,3 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,6%.
2026 жылы өңдеу өнеркәсібінде құны 36,5 млрд.теңгені құрайтын, 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 142,1 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 108,2 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 46,6 млрд. теңгені құрап, өсім 22,0% көрсетті.
159,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102,2 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 16,6 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 103,2 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2025 жылы – 4,6 пайызды құрады.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 6703 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 2590 адам.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсанына бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 367,7 мың теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 107,6 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 101,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 95,0 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 62,1 млрд. теңге түсті (болжамға 85,5 пайыз), жергілікті бюджетке 38,9 млрд. теңге (болжамға 115,7 пайыз).