Қызылорда облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 713,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,6 пайыз.
2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
1) «Нан-тоқаш кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені» («Алпамыс» ЖК)
Жоба құны – 1,2 млрд.теңге;
Қуаттылығы - жылына 2520 тонна;
Жұмыс орындары - 67 адам;
Жүзеге асырылу орны – Қызылорда қаласы.
2) «Күріш ақтау зауытының құрылысы» («Ержанов Д» ЖК)
Жоба құны - 500 млн.теңге;
Қуаттылығы – жылына 1500 тонна;
Жұмыс орындары – 20 адам;
Жүзеге асыру орны – Жалағаш ауданы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 349,3 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 128,0 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 110,7 млрд. теңгені құрап, өсім 42,6% көрсетті.
558,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 102,1 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 58,5 млрд. теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 102,1 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың 2 тоқсанында - 4,9 пайызды құрады.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында 25 121 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 9 262 тұрақты.
2024 жылдың 2 тоқсанына бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 360,8 мың теңгені құрады немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 109,2 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 236,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 112,5 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 127,4 млрд. теңге түсті (болжамға 99,3 пайыз), жергілікті бюджетке 108,8 млрд. теңге (болжамға 115,2 пайыз).
6 қазан күні елімізде Республикалық референдум өткізіледі. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы платформаларды іске қосты.
Облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.
- Қызылорда облысының әкімдігі референдумға қатысуға ниет білдірген азаматтар үшін арнайы 4 сервисті жүзеге асырды. Яғни тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көре алады. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис болмақ.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм желісінде де бар. https://t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді. Мұнда да әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратты көре алады,-дейді Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сабит Ибадулла.
Мұнан бөлек, референдум кезінде жергілікті тұрғындар үшін «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауға дайын. Диспетчерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат беретін болады. Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.
Айта кетейік, азаматтарға референдум өтетін күн мен орны туралы смс хабарламалар жөнелтіледі.
Аналитикалық мәлімет
2024 жылдың 1 қыркүйегіне облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Кірістер
Қызылорда облысы бойынша 2024 жылдың 1 қыркүйегіне бюджет түсімдері 103,3 пайызға орындалды (болжам 470668,2 млн.теңге, нақты түскені 468345,9 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 114,5 пайызға орындалды (болжам 94420,9 млн.теңге, түскені 108105,4 млн.теңге), артық түскені 13684,5 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 359364,3 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (99,8 пайыз), оның ішінде субвенция – 303455,2 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 7607,0 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттер – 48302,1 млн.теңге (98,2 пайыз).
Шығындар
2024 жылдың 1 қыркүйегіне Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,5 пайызға орындалды (жоспар 432481,4 млн.теңге, орындалғаны 430647,9 млн.теңге). Игерілмегені 2133,5 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 95,7 % орындалып, 451,1 млн.теңге;
Қазалыда – 99,9 % орындалып, 11,7 млн.теңге;
Қармақшыда – 100 % орындалып, 1,7 млн.теңге;
Жалағашта – 99,9 % орындалып, 7,8 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,8 % орындалып, 16,7 млн.теңге;
Шиеліде – 100 % орындалып, 1,0 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99,2 % орындалып, 94,4 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 99,2 пайызға орындалып, 467,8 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,7 пайызды құрады, игерілмегені 1081,4 млн.теңге.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері шығындар жоспарын, аудандар мен Қызылорда қаласына берілетін трансферттерді қоспағанда:
млн.теңге
КБК |
Атауы |
есепті мерзімге жоспар
|
кассалық атқарылуы
|
орындалу пайызы
|
игерілмегені
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Барлығы |
331595,4 |
330514,0 |
99,7 |
1081,4 |
110 |
Облыс мәслихатының аппараты |
119,2 |
119,2 |
100 |
0,0 |
120 |
Облыс әкімінің аппараты |
2822,4 |
2822,2 |
100 |
0,2 |
252 |
Полиция департаменті |
7195,1 |
7176,4 |
99,7 |
18,7 |
253 |
Денсаулық сақтау басқармасы |
5227,1 |
5226,2 |
100 |
0,9 |
254 |
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы |
3680,5 |
3572,8 |
97,1 |
107,7 |
256 |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы |
17394,1 |
17393,6 |
100 |
0,6 |
261 |
Білім басқармасы |
173858,5 |
173837,4 |
100 |
21,1 |
265 |
Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп бвсқармасы |
3900,6 |
3896,7 |
99,9 |
3,9 |
268 |
Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы |
6133,1 |
6132,1 |
100 |
1,0 |
269 |
Облыстың дін істері басқармасы |
131,9 |
131,8 |
99,9 |
0,1 |
273 |
Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы |
5508,3 |
5507,6 |
100 |
0,7 |
279 |
Энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы |
28877,2 |
28813,8 |
99,8 |
63,4 |
282 |
Облыстың тексеру комиссиясы |
272,8 |
272,6 |
99,9 |
0,2 |
287 |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ТСТЖ, АҚ саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы |
15,2 |
15,2 |
100 |
0,0 |
288 |
Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
37703,0 |
36885,2 |
97,8 |
817,8 |
296 |
Облыстың жұмылдыру дайындығы басқармасы |
907,0 |
906,9 |
100 |
0,1 |
299 |
Экономика және қаржы басқармасы |
10325,4 |
10323,6 |
100 |
1,8 |
718 |
Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы |
196,3 |
196,2 |
99,9 |
0,1 |
719 |
Облыстың ветеринария басқармасы |
2780,6 |
2744,8 |
98,7 |
35,8 |
741 |
Облыстың ауыл шарауашылығы және жер қатынастары басқармасы |
12472,6 |
12471,5 |
100 |
1,1 |
752 |
Облыстың қоғамдық даму басқармасы |
1520,6 |
1520,4 |
100 |
0,2 |
761 |
Облыстың бақылау жөніндегі басқармасы |
183,8 |
183,8 |
100 |
0,0 |
768 |
Облыстың дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы |
10370,0 |
10364,0 |
99,9 |
6,0 |
Республикалық бюджеттен бөлінген
трансферттер мен кредиттер
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 42532,5 млн.теңгенің 41616,4 млн.теңгесі немесе 97,8 пайызға игерілді, игерілмегені 916,1 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша 1,2 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша – 914,9 млн.теңге.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер
Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 99,9 пайызға игерілді (жоспар 31339,5 млн.теңге, игерілгені 31329,5 млн.теңге, игерілмегені 10,0 млн.теңге).
Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №38/42 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, «Сол жағалау» ықшам ауданы, Ғ.Мұхамеджанов 5А, «Қызылорда қаласының тарихы музейі» КМҚК ғимараты.
Телефон: 8(7242) 40-05-80.
Комиссия төрағасы – Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы
Төрағаның орынбасары – Накипов Болат Нұржігітұлы
Хатшысы - Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы
Комиссия мүшелері: Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы, Әнуарбек Берлібек Ахметұлы, Турабаев Еркін Ермағанбетұлы, Тағыберген Абай Тағыбергенұлы.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00 - түскі үзіліс, 15.00-19.00.
Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы