
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қожамберді ауылдық округі әкімі аппаратының «Қожамберді ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мекеменің 27.03.2023 жылғы №7 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021, 2022, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, Шаймен көшесі №21 орналасқан «Қожамберді ауылдық округі әкімі аппаратының «Қожамберді ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына келуге, kozhamberdi-klub@mail.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар мекеменің қабылдау бөліміне 54-3-78 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.