
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Қыраш ауылдық округі әкімі аппаратының «Қыраш ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мекеменің 27.03.2023 жылғы №4 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021, 2022 жылдарды және 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы, Тәуелсіздік көшесі №3 орналасқан «Қыраш ауылдық округі әкімі аппаратының «Қыраш ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына келуге, klub.kyrash@mail.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар мекеменің қабылдау бөліміне 34 0 14 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.