
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Көктөбе ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі. Кәсіпорнының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорнының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мекеменің 03.05.2023 жылғы №08 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021, 2022, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылы, Б.Аралбаев көшесі №95 орналасқан «Көктөбе ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға келуге, koktobe.klub@mail.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар қабылдау бөліміне 35-6-00 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.