
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Бесарық ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорын ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Кәсіпорынның 27.03.2023 жылғы №14/1 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 05.01.2021 – 01.03.2023 жыл аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, «Жаманбай батыр» ауылдық округі, Бесарық ауылы Жүсіп Қыдыров №54 КМҚК-не келуге, Rashid.naltaev@mail.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар кәсіпорын 77-8-84 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.