
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Әбдіғаппар ауылдық клубы» қоммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кәсіпорынның 27.03.2023 жылғы № 11-1 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 03.04.2023 – 28.04.2023 жыл аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған ауданы Қыркеңсе ауылдық округі, Әбдіғаппар ауылы, Төлегетай көшесі №1 орналасқан «Әбдіғаппар ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына келуге, abdigappar.kluby@bk.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар кәсіпорынға 91-2-16 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.