
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып Қандөз ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.
Қандөз ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Қандөз ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Қандөз ауылдық клуб директорының 27.03.2023 жылғы № 7бұйрық негізінде бекітілді. Талдау жұмыстары 2021жылғы 05 қаңтар 2023 жылғы 01 наурыз аралығындағы кезеңді қамтиды.
Осыған орай,аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері,басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз,арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса Қандөз ауылы Ж.Үркінбаев көшесі №25 орналасқан «Қандөз ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қызыналық кәсіпорнына келуге немес kandoz_klub@mail.ru электрондық поштасына жолдауға,сонымен қатар ауылдық клу үйіндегі 35-2-10 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын жеткіземіз.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытып, өз үлестеріңіздіқосуға шақырамыз.