
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Жаңақорған аграрлы-техникалық коллледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметі болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
Колледждің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Колледждің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау колледждің 01.03.2023 жылғы № 11 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 05.01.2021 – 01.03.2023 жыл аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесі №81 мекенжайда орналасқан «Жаңақорған аграрлы-техникалық коллледжі» КМҚК-на келуге,
km-13-63@mail.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар колледждің қабылдау бөлімі 25-1-12 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.