
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Байкенже ауылдық клубы» КМҚК болып табылады.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Байкенже ауылдық клубының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Байкенже ауылдық клубының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау клуб директорының 27.03.2023 жылғы №4 бұйрығымен бекітілді. Талдау жұмыстары 2021 жылдың 5 қаңтары мен 2023 жылдың 01 наурызы аралығын қамтиды.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағым мен ұсыныстарыңыз болса, Байкенже ауылдық округі, Қ.Сіргебайұлы №5 мекенжайда орналасқан «Байкенже ауылдық клубы» КМҚК-на келуге, baikenjeklub@mail.kz электрондық пошта мекенжайына жолдауға, сонымен қатар 58-2-45 нөмері арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.